Қытай Халық Республикасы құрылғанына 68 жыл тойлауына байланысты Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабық болады. Бұл мәліметті ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысында Бақыт Сұлтановтан елімізде жаңа электрондық жүйенің қосылуы жайлы баяндап беруін сұрады.
"Сіздің тапсырмаңызбен біз 1 қазанда алғашқы ақпараттық "Астана-1" ("электрондық шекара") жүйесін іске қостық. Енді бүкіл республика бойынша барлық транзит осы жүйе арқылы рәсімделеді. Көрші қытайлықтардың мейрамына байланысты бүгінде Қазақстан-Қытай шекарасы жабық. Мұндай декларацияны рәсімдеуге 16 минут кетеді, бұл бұрынғы жүйеге қарағанда төрт есеге аз уақыт алады", - деді министр Сұлтанов.