Қытай Қазақстанға коронавируспен күресуге көмектесу үшін дәрігерлер тобын жібереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қытай Қазақстанға коронавируспен күресуге көмектесу үшін дәрігерлер тобын жібереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Коронавирус инфекциясының алдын алу және коронавирус жұқтырғандарды емдеуде зор тәжірибесі бар жоғары білікті дәрігерлер кіретін қытайлық делегацияның міндеті - қазақстандық дәрігерлерге COVID-19 індетімен күресуде кеңес беру және әдістемелік көмек көрсету, соның ішінде COVID-19 алдын алу мен бақылау бойынша қытайлық жүйемен таныстыру, жақын байланыстарды анықтау және оқшаулау жүйелері, емдеудің қолданыстағы клиникалық хаттамаларына ұсыныстар беру", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, 24 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинпен телефон арқылы сөйлесу барысында Қытайдың Қазақстанға коронавирус инфекциясымен күресте жан-жақты қолдау көрсетуі туралы уағдаласқан. Бұл бастаманы қазақстандық тарап осы келісімді жүзеге асыру мақсатында ұсынған.
7 сәуірде денсаулық сақтау вице-министрі Ләзат Ақтаеваның төрағалығымен ҚХР Денсаулық сақтау комитеті өкілдерімен және қытайлық дәрігерлермен онлайн-кездесу өтті.
"Осы онлайн-кездесу барысында тараптар келесі мамандықтар бойынша 13 маманнан тұратын Қытай делегациясының бағдарламасын талқылады: Қазақстандағы пульмонология, инфекция, қарқынды терапия, эпидемиология, денсаулық сақтау және т.б.; ынтымақтастықтың басым бағыттары, қазақстандық дәрігерлер үшін COVID-19 бойынша тренингтердің өзекті тақырыптары, логистика мәселелері", - деді министрліктегілер.
Қытайлық дәрігерлердің елге келуі үшін арнайы борт ұйымдастырылады. Олар 9 сәуірде Нұр-Сұлтанға ұшып келеді деп жоспарланып отыр. Делегациямен бірге Қытайдан гуманитарлық көмектің екінші бөлігі келеді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!