ЭКСПО-2017 халықаралық мамандан-дырылған көрмесінің ұйымдастырушылар кеңсесінде "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ҚХР ұлттық павильонының комиссары Ван Цзиньчжэньмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандан-дырылған көрмесінің ұйымдастырушылар кеңсесінде "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ҚХР ұлттық павильонының комиссары Ван Цзиньчжэньмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Басқосу барысында Ахметжан Есімов "Болашақ энергиясы" тақырыбында өткізілетін көрмеге дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырып кетті.
Сондай-ақ, ұлттық компания басшысы Қытайдың баламалы энергия көздерін пайдалану мәселесіне назар аударып жүргендігіне ерекше тоқталды. Айталық, мемлекет «жасыл энергетика» саласына 103 млрд. доллар бөлініп, әлем бойынша ең көп қаржыландырғандар қатарынан табылды.
Қытай ұлттық павильоны көрменің ең үлкен павильондарының бірінде орналасатын болады. Сонымен қатар, Қытай павильоны мейлінше қызықты павильондарының біріне айналатындығына еш күмән жоқ. Қазіргі таңда жақтар ұйымдастыру мәселелері бойынша тығыз жұмыс істеуде. Қытайлықтардың сұранысы бойынша ЭКСПО-қалашығында Қытай ұлттық павильон қызметкерлеріне 50 апартамент бөлінген.
"Көптеген қытайлық энергетикалық компаниялар көрмеге қатысуға үлкен қызығушылық білдіруде. Тіпті, олардың кейбірі ұсыным беріп те қойды", - деді өз сөзінде ҚХР ұлттық павильон комиссары.
"Бүгінгі таңда құзыретті министрлік өкілдерінің қатарынан Қытай павильонының контентін жасау бойынша арнайы комиссия құрылды. Павильон жобасы дайын. Жақын арада іске кірісуге дайынбыз", - деді Ван Цзиньчжэнь.
"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы Басқарма төрағасы барлық павильондар қатысушы мемлекеттерге биылдың қазан айында берілетіндігін және сол уақыттан бастап Қытай павильонының ішкі жұмыстарына кірісіп кете алатындығын айтты.
Қытай павильонының комиссарының сөзінше, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Қытай мемлекетінің ұлттық күнін жобамен 5-6 шілдеде өткізеді.
Сонымен қатар, "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Литва делегациясымен кездесті.
"Бүгін біздің көріп отырғанымыз, яғни атқарылып жатқан жұмыс сапасы, жоғарғы деңгейдегі ұйымдастырушылық мәселелер көңіл қуантады. Өз кезегімізде көрме барысында абыройлы болу үшін біздің ұлттық павильонның ішкі мазмұны бойынша белсенді жұмыс жасап жатырмыз", - деді Қазақстан Республикасындағы Литва Республикасының елшісі Др.Витаутас Наудужас.
Сондай-ақ, литвалықтар виза мәселесі бойынша қолдау көрсетуді сұрады. Өйткені, Литвадан көрмеге көптеген келушілер болады деп күтілуде.
Ұлттық компанияның Басқарма басшысы барынша жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді. Оған қоса, Литва павильоны мейлінше мазмұнды болатындығына сенім білдірді. Себебі, Литва баламалы энергия көздерін пайдаланудағы үлесін 60 пайызға жеткізу бойынша қарқынды жұмыс атқарып жатыр.