Қытай соты есірткі контрабандасы үшін айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайдың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы қыздың адвокаты Сұңқар Нұрмағанбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қытай соты есірткі контрабандасы үшін айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайдың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы қыздың адвокаты Сұңқар Нұрмағанбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Адвокат Ақжарқынның өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын еске салды.
"2019 жылдың 27 желтоқсанында Гуанчжоу сотында Ақжарқынға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. Қорғаушы тарап сот үкіміне шағым жасады. Алайда апелляциялық сот үкімін өзгеріссіз қалдырды", - деді заңгер.
Сондай-ақ, ол Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстан колониясына жеткізілуі мүмкін екенін атап өтті.
"Қазіргі таңда Ақжарқын Тұрлыбайдың отбасы Ақжарқынды Қазақстанға жеткізу мәселесін қарастырып жатыр, оған Ақжарқынның өзінің келісімі қажет. Ақжарқынның Қазақстанға жеткізілуінің нақты мерзімі белгісіз, оның тезірек жеткізілуі - біздің мүддеміз", - деді адвокат.
Еске салайық, қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанжоу әуежайында ұсталған болатын. Кейін оны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Бірақ уақыттан кейін сот үкімі жойылып, іс қайта қарауға жолданды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!