01 шілде 2016 | 10:08

Қытайда 20 жастағы қазақстандық қыз жыл студенті атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фарида Төлеубаева (ортасында) © pavlodarnews.kz Фарида Төлеубаева (ортасында) © pavlodarnews.kz

Павлодар қаласының түлегі Фарида Төлеубаева Қытайдғы Шанхай педагогикалық университетінің жыл студенті атанды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар қаласының түлегі Фарида Төлеубаева Қытайдғы Шанхай педагогикалық университетінің жыл студенті атанды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Фарида Төлеубаева шетелдік студенттердің ішінде ең үздігі атанып, шет тілдері факультетінің деканы Дин Хуан Мэйсюдың атынан екі дипломға ие болды.


© pavlodarnews.kz

Фарида - мамандандырылған "Жас Дарын" мектебінің түлегі, "Алтын Белгі" иегері. 20 жастағы студент қытай тілін жетік меңгерген және қытай тіліндегі кітаптар мен журналдарды еркін оқи алады. Енді ол корей тілін меңгергісі келеді екен.

Сонымен қатар, Қытайда қыздың Оңтүстік Корея, Жапония, Колумбия, Канада, Моңғолия, Ресей, Германия, Словакия мен Италия елдерінен жаңа достары пайда болды. "Менің ең басты арманым - елімнің болашақта дамуына өз үлесімді қосу. Шетелде оқуға мүмкіндік бергені үшін және маған қолдау көрсеткен анама және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қытай тілінен сабақ беретін оқытушыларға алғыс айтамын", - деді павлодарлық студент.


© pavlodarnews.kz

Қытайдағы оқуы туралы айта келе, Фарида онда экологиялық проблемалардың бар екендігін айтып өтті. "Мен мұнда үнемі бетперде киіп жүремін. Мен сияқты қазақстандық басқа да студенттерге көк аспанды көруден асқан бақыт жоқ шығар. Сонымен қатар, мен біздің ұлттық тағамдарға жететін еш нәрсе жоқ екенін түсіндім. Бір жыл ішінде еттің дәмін ұмытып қалдым, себебі мұнда мен күнде тауық еті мен күріш жеймін. Үйге қайтуға үш күн қалды. Минуттарды санап жүрмін. Анамның дәмді бауырсақтарын да сағындым", - деді Фарида.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети