Есірткі заттарын тасымалдағаны үшін Қытайда өлім жазасына кесілген Қазақстан азаматы Үрімшіден елге қайтарылды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Айтуынша, 2009 жылы Қытайдың Гуандун провинциясы Гуанчжоу қаласында құқық қорғау органдары есірткі тасымалдаумен айналысқаны үшін Ақмола облысының тумасы, 1989 жылғы ер адамды ұстап, оны өлім жазасына кескен. Ал 2011 жылы оған қатысты шыққан үкім өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы шешімге өзгертілген.
"Қытайдағы Қазақстан елшілігі сотталушыға қатысты істі ҚР Бас прокуратурасына және Қытайдың Әділет министрлігіне жолдады. (...) Қазақстандық дипломаттар мен ҚР Бас прокуратурасының қызметкерлері сотталушының жазаны өз елімізде Қазақстанда өтеуге қатысты біраз жұмыс атқарды", - деп жазды Жайнақов.
Сондай-ақ, биыл Қытайдан Қазақстанның тағы 4 азаматының елге оралғаны айтылады. Ал 2015 жылдың тамызынан бастап Қытайда сотталған 15 қазақстандық елге қайтарылған.
"Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратурасы атқарып жатқан осындай жұмыстар басқа елдерде де жүргізіліп жатыр", - деп жазды Жайнақов.