Қытайда тұтқындалған қазақстандық бойжеткен Ақжарқын Тұрлыбайдың мүддесін екі адвокат қорғайды, Бейжіңде Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрлан Ермекбаев айтты.
Қытайда тұтқындалған қазақстандық бойжеткен Ақжарқын Тұрлыбайдың мүддесін екі адвокат қорғайды, Бейжіңде Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрлан Ермекбаев айтты.
20 жастағы Ақжарқын Тұрлыбай осы жылдың наурыз айында келеңсіз жағдайға тап болған еді. Студентті Алматы барларының бірінде жұмыс істеген Алена және Джонни есімді белгісіз біреулер Қытайға жүк жеткізіп беруге жұмсаған. Ақжарқынға берілген жүкте есірткі бар болып шықты.
"Ақжарқын Тұрлыбай 3 наурыз күні Гуанчжоу әуежайында ұсталды, елшілік бірінші күннен бастап, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауға белсене кірісті. Гуанчжоуға іссапарға жіберілген елшілік консулы оқиғаның жай-жапсарын анықтау үшін қаланың құқық қорғау органдарының өкілдерімен және тергеу изоляторында отырған қыздың өзімен кездесті. Қазір тергеу жүріп жатыр. Тұрлыбайдың мүддесін қорғауды ұйымдастырумен біз жалдаған екі адвокат айналысып жатыр. Олардың бірі іс бойынша қажетті материалдар жинау үшін Қазақстанға екі рет барды. Елшілік тергеудің барысын мұқият бақылап отыр, Қытайдың құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыс жасап, адвокаттар мен қыздың туыстарына қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Қазақстан азаматшасының мүддесі үшін біз толық ақпаратты бере алмаймыз", - деді Нұрлан Ермекбаев.
Бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбайдың туыстары қыздың ұсталуына қатысты толық мәліметтерді білмейтінін мәлімдеген болатын. Қытайда есірткі контрабандасы үшін ұзақ мерзімді, тіпті өмір бойғы жаза да беріледі. Қыздың анасы оны әлдекімдердің алдап кеткеніне сенімді. Алматы қаласы ішкі істер департаменті бар қызметкерлеріне қатысты тергеуалды тексеріс жүргізіп жатыр.