18 қазан 2016 | 19:18

Қытайдағы қазақстандық туристерді дауылға байланысты абай болуға шақырып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fishki.net © fishki.net

ҚХР-дің табиғат апаты күш алып тұрған аймақтарындағы қазақстандық туристерді сақтық шараларын ұстануға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚХР-дің табиғат апаты күш алып тұрған аймақтарындағы қазақстандық туристерді сақтық шараларын ұстануға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті табиғат апатының соққысына ұшыраған ҚХР аймақтарында жүрген қазақстандық туристерді қайғылы және қалыптан тыс оқиғаларға ұшырап қалмас үшін сақтық шараларын ұстанып, жергілікті билік өкілдерінің нұсқауларын орындауға шақырады", - делінген ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің хабарламасында. 

Оңтүстік Шығыс Азияға жол жүруді жоспарлап отырған қазақстандықтарды метеорологиялық жағдайды, синоптиктер болжамын және төтенше жағдайдан қорғау қызметтерінің ескертулерін есепке алуын, ал сол аймақтарға турларды ұйымдастырушы туроператорларды клиенттерді күн райының жағдайы мен оның салдары туралы ескертуді сұрайды.

Халықаралық БАҚ хабарламалары бойынша, Хайнань аралына келіп жеткен "Сарика" дауылына байланысты 250-ге жуық әуе рейсі тоқтатылған. Аралмен тікелей байланыс жолы жабылды. Дауылдың күші сағатына 155 метрге дейін жылдамдықты көрсетіп отыр. Мамандар биіктігі 12 метрге дейінгі толқындар соғады деп болжам жасап отыр. Ал Гуандуан провинциясына "Хайма" дауылы жақындап келеді. Дауыл бұл аймаққа 20 қазанда жетеді деп күтілуде.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети