01 қараша 2016 17:47

Қытайдағы ҚР елшісі: Ақжарқын Тұрлыбайдың елге қайтарылуына қол жеткізуге тырысамыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қытайда аса ірі көлемде есірткі тасымалдады деп айыпталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайды сот шешімі шыққаннан кейін Қазақстанда жазасын өтеуді сұрайтын боламыз, - деді брифинг барысында Қытайдағы Қазақстан ҚР СІМ төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.


Қытайда аса ірі көлемде есірткі тасымалдады деп айыпталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайды сот шешімі шыққаннан кейін Қазақстанда жазасын өтеуді сұрайтын боламыз, - деді брифинг барысында Қытайдағы Қазақстан ҚР СІМ төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

"Қытайда есірткі тасымалдады деп айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қайтадан болатын сот процесі 2 қарашаға бекітілген. Оны экстрадициялау үшін, сот үкімі шығуы тиіс. Сот шешімінсіз экстрадиция мүмкін емес. Осыдан кейін оны Қазақстанға қайтарылуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз, үміт бар", - деп түсіндірді Шахрат Нұрышев журналисттердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, Қытай Қазақстанға бір жылда 12 сотталған адамды берген. Енді тағы 12 адамды алдыру жоспарланып отыр. Бұл тізімге Ақжарқын Тұрлыбай кірмейді, себебі оған сот үкімі шыққан жоқ.

Еске салайық, 20 жастағы азаматша Ақжарқын Тұрлыбай есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен ұсталған болатын. Ол 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталды, ол Малайзияға ұшып кетпекші болған. Қыздың жүгінде есірткі заттары табылды. Осыған дейін, оған атысты сот үкімі шыққан болатын. Гуанчжоу соты қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты үкім шығарды. Сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. "Біздің тарап Гуанчжоу сотының шешімімен келіспейді. Апелляциялық инстанцияға үкімге шағым келтіреміз, оның қорытындысын қызығушылық танытқан адамдар біле алады", - деп хабарлады адвокат.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети