17 шілде 2017 19:22

Қытайдан келген қазақ әйелге тәркіленген 40 мың доллары қайтарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гүлжан Мәуітхан. © vko.kgd.gov.kz Гүлжан Мәуітхан. © vko.kgd.gov.kz

Қытайдан келген қазақ әйел Гүлжан Мәуітхан кеден бекетінде тәркіленген 40 мың долларын қайтарып алатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қытайдан келген қазақ әйел Гүлжан Мәуітхан кеден бекетінде тәркіленген 40 мың долларын қайтарып алатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, 4 сәуірде Гүлжан Мәуітхан Қытайдан Қазақстанға репатриант ретінде келіп, Майқапшағай кеден бекетінде тоқтатылған. Әйелдің алып келген 40 мың доллары тіркелмеген. 

Кейін Мәуітхан бұл қаражаттың қайдан шыққанын Қытайдағы үйін сатқанда алып, Астанадан үй алғысы келгендігімен түсіндірген. Әйел ақшалай қаражатты шекарадан өткізу ережесін білмеген. Салдарынан "Экономикалық контрабанда" бабы бойынша соталды тергеу басталған.

Зайсан аудандық соты Мәуітханды кінәлі деп танып, 40 мың доллар қаражатын мемлекет пайдасына тәркілеу туралы шешім шығарған. Апелляциялық инстацияда сот өндірісінің тілі туралы норма бұзылғандықтан бұл шешімнің күші жойылған.

"ШҚО прокуратурасы бұл істің мән-жайын түбегейлі зерттеді. Бақылау органы Мәуітханның әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деген қорытындығы келді. Мұндай шешім Мәуітханның ҚХР-дан жасырын ақша шығарғысы келмегендігінен қабылданды. Әйелдің мақсаты - отанға оралу. Мәуітхан көп уақыт бойы ақша жинап, бар мүлкін сатып, оралман статусын алған, ал шекарадан өткен кезде экономикалық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, ақшасы тәркіленген. Бұл жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тарту әділдік принципіне жатпайды", - деді облыс прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети