Қытайдың бас консулы қазақстандықтарға жеке визаларды беруден бас тартуға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдың бас консулы қазақстандықтарға жеке визаларды беруден бас тартуға қатысты пікір білдірді © statusnew.ru

Қазақстандағы Қытайдың бас консулы Чжан Вэй қазақстандық азаматтарға виза беруді тоқтатуға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы Қытайдың бас консулы Чжан Вэй қазақстандық азаматтарға виза беруді тоқтатуға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бірнеше адамға арналған топтық визалар әдеттегі тәртіп бойынша беріліп жатыр. "Бұл мәселемен осыған дейін де айналысқанбыз. Бұл біздің құзыретімізде емес. Мұның Қазақстанға қатысы жоқ. Осыған байланысты көп сұрақ қойылды. Бұрын түсініспеушіліктер болған еді. Қазір барлығы бұл жайлы біледі, ешқандай түсініспеушілік жоқ, мәселе шешілді. Бұл Сыртқы істер министрлігіндегілердің орталық аппараттың тапсырысымен визалық саясатты реттеуге бағытталған жұмыстары", - деді Бас консул.

Сондай-ақ ол Қазақстандағы СІМ өкілдерінің осы жағдайға байланысты түсінік бергенін де айтты. Алайда Tengrinews.kz тілшісінің жеке визаларды қашаннан бастап қайта берілетіні жайлы сұраққа шенеунік жауап бере алмады. "Білмеймін. Бұл біздің құзыретімізде емес", - деді ол. Айта кетейік, осыған дейін Қытайдын қазақстандық азаматтарға жеке визаларды беруді тоқтатқаны жайлы хабарланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети