12 маусым 2017 | 12:26

Қытайға депортацияланған әйелін қайтарғысы келген қазақстандыққа ІІМ жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алмас Сәдубаев Алмас Сәдубаев

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қытайға депортацияланған азаматшаның болашақ күйеуі әйелін сот шешіміне шағым түсірген жағдайда ғана қайтара алады. Бұл туралы ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қытайға депортацияланған азаматшаның болашақ күйеуі әйелін сот шешіміне шағым түсірген жағдайда ғана қайтара алады. Бұл туралы ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тұрсынбай Бөрібайдың өтініші бойынша оның болашақ жары Иманәлі Жазираның Қазақстанға былтыр 7 маусымда келіп, 5 күн ішінде уақытша тіркеуге есепке тұрмай, тіркеуге тек 2016 жылдың 22 маусымда тұрғанын хабарлаймыз.

Осы дерек бойынша азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, ол Талдықорған аудандық әкімшілік соттың шешімімен Қазақстаннан шығарылды", - деді Сәдубаев.

Соттың шешімінің негізінде Көші-қон қызметі азаматшаны 2016 жылдың 29 маусымынан 2021 жылдың 29 маусымына дейін Қазақстанға кіруге тыйым салды. "Халықтың көші-қон" туралы заңының 48-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасынан шығарылған иммигранттарға бес жыл уақыт Қазақстанға кіруге тыйым салынады. 

"Талдықорған аудандық әкімшілік соттың шешіміне шағымданған жағдайда көші-қон қызметі оны Қазақстанға кіргізе алады", - деді ІІМ өкілі.

Еске сала кетейік, осыған дейін жамбылдық жігіт министрден ҚХР азаматшасына үйленуге көмектесуін сұраған болатын. Тұрсынбай Бөрібай есімді жігіттің айтуынша, ол ҚХР азаматшасы Иманәлі Жазирамен отбасын құрмақшы. Бірақ былтыр болашақ жарын шекарадан өткізбей қойған екен. Сондай-ақ, ол жақында ҚХР-ға барып, Иманәлі Жазирамен заңды некеге тұрып келгенін айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети