Қытайлық CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайлық CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға келді

Бүгін Қытай Халық Республикасымен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша, арнайы бортпен Алматыға CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап. 

Препаратты қытайлық Sinovac Biotech Ltd биофармацевтикалық компаниясы шығарған.

Қытайлық CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы 500 мың дозадан тұрады. Бұл препарат жақын күндері Қазақстан азаматтарына COVID-19 коронавирусқа қарсы вакцинациялау үшін қолжетімді болатын төртінші препарат болады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, келіп түскен вакцинаның партиясы қазақстандық және ресейлік қолда бар вакциналарымен қатар елдің барлық егу пункттерінде қолжетімді болады.

CoronaVac вакцинасын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан аумағында қолдануға мақұлдады және елде қолданылатын QazVac, Спутник V және Hayat-Vax вакциналарының тізбесін толықтырады.

CoronaVac вакцинасында белсенді емес, белсенді зат SARS-CoV-2 антигені бар. Бір құтыда 0.5 мл/доза, препарат 14-28 күн аралығымен екі рет вакцинациялауды көздейді. Вакцинацияға 18 жастан асқан тұрғындар санаттары жатады. Вакцина +2+8 градус температурада сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети