Қытайлық компанияға 1 миллиард теңге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайлық компанияға 1 миллиард теңге айыппұл салынды Фото:depositphotos.com

ШҚО Экология департаменті "СИНЬСИН Құрылыс және даму бойынша Қытай компаниясы" ЖШС-не қатысты тексеру жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО Экология департаменті "СИНЬСИН Құрылыс және даму бойынша Қытай компаниясы" ЖШС-не қатысты тексеру жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Тексеру нәтижесінде, экологиялық заңнаманың бұзылғаны анықталған - ІІ санаттағы объектілерге экологиялық рұқсатсыз асфальтбетон қондырғысы мен ұсақтау кешенін пайдалану деректері.

2024 жылғы 21 қарашадағы инспектордың қаулысымен ЖШС Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Аталған қаулы ЖШС тарапынан Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына шағымданумен дауланды. Соттың 2025 жылғы 4 наурыздағы қаулысы бойынша, ЖШС-нің кінәсі анықталып, 1 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Тарап апелляциялық тәртіппен жоғары тұрған сотқа шағым түсірді, алайда 2025 жылғы 10 сәуірдегі апелляциялық инстанцияның қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети