13 тамыз 2018 | 18:14

Қытайлық танкілер Қазақстанда қайдан жүр? Министрліктің жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері қытайлық танкілер тиелген пойыздарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері қытайлық танкілер тиелген пойыздарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Қазақстан территориясынан өтіп бара жатқан қытайлық танкілер тиелген пойыз түсірілген видео пайда болған. 

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл видеода "Бейбіт миссия" оқу-жаттығуының өткізілу орнына бара жатқан ШЫҰ мемлекеттері қарулы күштерінің әскери қызметшілері мен олардың әскери техникасы түсірілген. 

"ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің "Бейбіт миссия" бірлескен лаңкестікке қарсы командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындалу шеңберінде Қытай ұлт азаттық әскерінің бөлімшелері ҚР аумағы арқылы теміржол эшелонымен Ресей Федерациясы, Челябі облысының Шұбаркөл полигонына қозғалуды жүзеге асыруда. Жүру бағыты Достық-Ақтоғай-Аягөз-Ауыл-Локоть маршруты, әрі қарай Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтеді. ҚХР-дың эшелондарына Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қарауылы еріп жүреді. Бұдан бұрын хабарланғандай, "Бейбіт миссия" оқу-жаттығуына ШЫҰ Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері қарулы күштерінің 3 мыңнан аса әскери қызметшісі және 500-ден аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника тартылды. Оқу-жаттығудың ниетіне сәйкес лаңкестердің билікті немесе мемлекеттердің бірінің аумақ бөлігін басып алуы жағдайында қатысушы елдер қарулы күштерінің бірлескен іс-қимылдарын пысықтау қарастырылған. ҚР Қарулы Күштерінің эшелондарын биылғы 18 тамызда оқу-жаттығудың өткізілу орнына жіберу жоспарлануда", - деп хабарланған ведомство сайтында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети