02 қараша 2021 | 17:24

Қытаймен шекарада 10 мыңнан астам жүк көлігі кезекте тұр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото:elements.envato.com Иллюстрациялық фото:elements.envato.com

"Нұр жолы" кеден бекетінің Қазақстан жағынан Қытайға жөнелтуге 10 мыңнан астам ауыр жүк көлігі кезекте тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Нұр жолы" кеден бекетінің Қазақстан жағынан Қытайға жөнелтуге 10 мыңнан астам ауыр жүк көлігі кезекте тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Көрші мемлекет - Қытай, өткізу пункті - "Нұр жолы", Шығатын көлік саны - 50 (49-өткізу бекетінде электронды кезекте 10 346 көлік)", - деп Мемлекеттік кірістер комитеті ұсынған кестеде көрсетілген.

Сондай-ақ "Бақты" бекетінде Қытайға шығу үшін 215 көлік, Өзбекстанға шығу үшін тағы 53 көлік кезекте тұрғаны айтылды: "Атамекен" өткізу бекетінде - 15, Қапланбек - 25 және Қазығұртта - 13.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті транзиттік тасымалдау департаменті басшысының орынбасары Қайрат Тәңкібаев электронды кезек жүйесінің енгізілуіне байланысты шекарада ауыр жүк көліктерінің жиналмағанын айтты.

"Қытай тарапы пандемияға байланысты өз аумағына көліктердің кіруіне шектеу қойды. Осыған байланысты Қытай жағындағы бес бақылау-өткізу пунктінің тек үшеуі ғана жұмыс істейді. Қытай тарапы күніне 100-ден аспайтын көлікті қабылдайды. Жағдайды реттеу үшін электронды кезек жүйесі құрылды. Барлық қозғалыстар электронды кезек жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Шекараның өзінде көліктердің жиналуы жоқ", - деді Тәңкібаев.

Бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов ҚХР Мемлекеттік кеңесі вице-премьерімен шекарада үлкен көлемде жүктің жиналуына әкеліп соқтырған автомобиль және теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемінің төмендеуіне байланысты жағдайды талқылаған болатын. Тараптар жақын арада мәселені шешу үшін барлық мүмкін шараларды бірлесіп қабылдауға келіскені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети