17 мамыр 2023 15:25

Қытаймен визасыз режим: Тоғжановқа ақтөбеліктердің алаңдаушылығы туралы сұрақ қойылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановқа ақтөбеліктердің Қытаймен визасыз режимге қатысты алаңдаушылығы туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановқа ақтөбеліктердің Қытаймен визасыз режимге қатысты алаңдаушылығы туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Астанада ОКҚ алаңында өткен брифингте облыс әкімі айтты.

"Қазір қоғам Қытаймен визасыз режим мәселесін талқылап жатыр. Әсіресе Ақтөбеде бұл мәселе қызу талқыланып жатыр, өйткені ол жақта қытайлық зауыттар бар, тіпті бір кездері Қытай консулдығы ашылмақ болған. Тұрғындар алаңдап отыр, 17 мамырда митинг өткізбек болды, бірақ рұқсат берілмеді. Бұл туралы не айта аласыз", - деп сұрады журналист брифингте.

"Бұл жиі көтерілетін сұрақ. Бұл азаматтардың қарым-қатынасына жақсы мүмкіндік. Біз XVII ғасырда, XVIII ғасырда, бүгінде қалай араласамыз, солай араласа береміз. Бұл маңызды мәселелердің бірі саналады.

Бірақ бір маңызды жайтты атап өткім келеді, бұл виза тек туристік және іссапарларға жарамды, басқа жағдайларда рұқсат болмайды", - деді әкім.

Тоғжанов Қытаймен мемлекеттік шекара толық бақылауда екенін атап өтті.

"Бізде Ақтөбе облысында 598 қытайлық жұмыс істейді, олар қашан келеді, қашан кетеді - мұның барлығы толық бақылауда. Әрине, бұл мәселе СІМ-нің үйлестіруінде, үнемі жұмыс жүргізіліп отырады. Сондықтан, бұл мәселе облыс тұрғындарын да, елімізді де алаңдатуға тұратын сұрақ емес. Біз араласып, өмір сүріп, барлық жағдайды жасауымыз керек", - деп түйіндеді сөзін аймақ басшысы.

Еске салайық, биыл сәуірде Қазақстан мен Қытай үкіметтері өз азаматтары үшін екі бағытта да визасыз режим енгізуді жоспарлап отырғаны белгілі болды. Тиісті қаулы жобасын Сыртқы істер министрлігі дайындады.

Кейін Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо Қытаймен өзара визасыз режим енгізу жоспарлары туралы айтты. Дипломат бұл мәселе биыл шешілуі мүмкін екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети