Түркістан облысы ұрланған қалыңдықтар бойынша көш бастап тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түркістан облысы ұрланған қалыңдықтар бойынша көш бастап тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Түркістан облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің өкілдері айтты. Құзырлы орган өкілдерінің мәліметінше, былтыр үйлену мақсатында 210 адам ұрлау дерегі тіркелген, оның 102-сі Түркістан облысында сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.
"Былтыр үйлену мақсатында адам ұрлау бойынша көшбасшы - Түркістан. Онда 29 адам ұрлығы тіркелген. Екінші орында Сайрам ауданы мен Кентау қаласы, онда 19 деректен. Жетісай ауданында 11 қалыңдық ұрланған. Қыз ұрлаудың алты дерегі Мақтаарал, Келес және Төлеби аудандарында тіркелді", - деді прокуратура өкілдері.
Прокурорлардың айтуынша, жергілікті жігіттер өзінің отбасылық мәселесін осылайша шешкенді жөн көреді екен, өйткені олар қыз ұрлауды қылмыс көрмей, дәстүр деп ойлайды.
Қылмыстық кодекс бойынша қыз ұрлаған жағдайда жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, ал егер қалыңдықты бір топ адам ұрласа, яғни 12 жылға дейін түрмеге тоғытылуы мүмкін. Алайда 2019 жылы барлық ұрлаудың жартысынан көбі тараптардың татуласуымен аяқталды. Осыған байланысты биылдан бастап бұл бап (ҚР ҚК 125-бабы "Адам ұрлау") татуласуды көздемейді.
Еске салайық, 23 желтоқсанда Арыс қаласында жігіт қызды үйлену мақсатында ұрлап кеткен. Әлеуметтік желілерге видео пайда болды, онда үш жігіттің жас қызды көлікке отырғызып жатқаны түсірілген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полицияға жәбірленушінің анасы арыз берген, ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Содан кейін қыз жігітпен отау құрудан бас тартып, үйіне оралды.