Қыз зорлау оқиғасы: Талдықорған полициясының экс-басшысы аппеляциялық шағым түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қыз зорлау оқиғасы: Талдықорған полициясының экс-басшысы аппеляциялық шағым түсірді Марат Күштібаев. Фото: zhetysu.gov.kz

27 жастағы қызды өз кабинетінде зорлады деген айыппен сотталған Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаев үкімге апелляциялық шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

27 жастағы қызды өз кабинетінде зорлады деген айыппен сотталған Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаев үкімге апелляциялық шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі мәліметінше, сотталушының арызы бүгін, 17 шілдеде келіп түскен. Істің апелляциялық сотта қашан қаралатыны айтылмады.

Еске салайық, 2023 жылғы қарашада Талдықорған полициясының бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталды. Кейінірек жәбірленушінің адвокаты оқиғаның егжей-тегжейін айтты. Оның айтуынша, 2023 жылдың 12 қарашасында ішкі істер басқармасына қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен Талдықорған тұрғыны жеткізіліп, кейін ол бастықтың қызметтік кабинетінде зорлық көрген.

Биыл сәуірдің аяғында сот үкімі бойынша Күштібаев кінәлі деп танылып, Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол марапаттарынан және "полиция полковнигі" арнайы атағынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети