17 қараша 2018 | 12:19

Қыздар университеті латын графикасын үйретуге байланысты тың жобаны іске асырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қыздар университеті латын графикасын үйретуге байланысты тың жобаны іске асырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі университетінің ресми өкілі Жандар Асанға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қыздар университеті латын графикасын үйретуге байланысты тың жобаны іске асырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі университетінің ресми өкілі Жандар Асанға сілтеме жасап.

Асанның хабарлауынша, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен Түркияның Нийде Өмер Халисдемир университеті бірлесіп латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін үйретуге байланысты бірнеше тың жобаны жүзеге асырмақшы. Бұған Түркия тарапы нақты қолдау көрсетуге мүдделі және арнайы жұмыс тобы құрылатын болады. Бұл туралы екі оқу орнының басшылары арасында өткен келіссөз нәтижесінде белгілі болды.

Сонымен қатар, екіжақты ынтымақтастықтың және әріптестікті нығайтудың өзекті мәселелерін талқылау барысында қосдипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру жайы да талқыланды. Жиында Қыздар университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова білім ордалары арасындағы қарым-қатынастың артып келе жатқанын атап өтті.

"Өмер Халисдемир университеті Түркиядағы іргелі әрі ірі жоғары оқу орындарының бірі. Бұл білім ордасы біздің университетпен тығыз қарым-қатынаста. Десе де бүгінгі күн талабына сәйкес ынтымақтастықты одан ары қарай дамытуға қос тарап та мүдделі. Бүгінгі сапарымыздың басты мақсаты осыны көздеп отыр", - деді Алдамбергенова.

Өз кезегінде Нийде Өмер Халисдемир университетінің ректоры Мухсин Кар бауырлас мемлекеттер ынтымақтастығының стратегиялық сипатына кеңінен тоқталып, туыстас халықтардың достығын әрі қарай нығайта түсуге ниетті екенін жеткізді.

"Түркия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар өзара бірлікке, достық пен сенімге негізделген. Ортақ тарих пен бір мүдде һәм ортақ рухани құндылықтарға негізделген әріптестігіміз қарқынды дамып, әсіресе білім беру мен ғылымды дамыту бойынша нығая түсетініне сенімдімін", - деді Кар.

Жиын соңында Мухсин Кар Қыздар университетінің басшысына сапары үшін ризашылық білдіріп, кездесу нәтижесін жоғары бағалады. Ол білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелеріне қатысты келіссөздердің маңызды нәтижелеріне тоқталып, оның оң қарқынын баяндады.


© Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

"Биыл қазанда сіздердің университеттеріңіз ұйымдастырған Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумы өте жоғары деңгейде өтті. Түркі əлемін зерттеу - рухани бренд. Жаһандық күрестің ортасында тұрған түркі халықтарының мүдделерін ортақтастыру арқылы бірлігі мен тыныштығын сақтап, ынтымақтастығын əртараптандыра отырып нығаюын, тарихтағы түркі халықтарына жасалған зұлымдықтың, қырғын мен мəдени геноцидтерді пайдаланбауын қамтамасыз етуіміз керек. Мың пікірден гөрі ортақтасып шешкен бір пікір артық. Біздің бүгінгі басқосуымыз симпозиум аясында көтерілген бүкіл мәселелерді шынайы түрде талқылап, нақты нәтижесін шығаруға мүмкіндік берді. Менің ойымша, өте ауқымды әрі тиімді кездесу өтті", - деді Кар.

Айта кетейік, биыл қаңтарда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне Өмер Халисдемир университетінің ректоры Мухсин Кар бастаған делегация келген болатын. Арнайы сапар аясында ұйымдастырылған басқосуда қос жоғары оқу орнының ректорлары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылым мен мәдениет, ғылыми-зерттеу саласы аясындағы ынтымақтастықты дамытуды қарастырады. Меморандумда білім және ғылым саласындағы біріккен конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер өткізу, ғылыми және білім беру жөнінде біріккен басылымдар ұйымдастыру да көзделген. Бүгінге дейін меморандумда қарастырылған бірнеше мәселе жүзеге асырылып, нақты нәтиже берген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети