Қыздар университетіне "Ұлттық" статусы берілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 25 желтоқсандағы Жарлығымен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне "Ұлттық" ерекше мәртебесі берілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі оқу орнының баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асанға сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 25 желтоқсандағы Жарлығымен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне "Ұлттық" ерекше мәртебесі берілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі оқу орнының баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асанға сілтеме жасап. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті - еліміздің оқу орындары арасында өзіндік дара орны бар білім ордаларының бірі. Ол - республикада тек қыздардан педагог кадрлар даярлайтын бірден-бір жоғары оқу орны. Университет 75 жылға жуық уақыт аралығында өзінің қалыптасуы мен дамуы жолынан өтті. Ұлт зиялылары қызмет атқарған ұлағат ұясында осы уақыт аралығында 60 мыңнан аса білікті маман даярланып, армандарын асқақтатып, қияға қанат қақты. Айтулы ғалымдарымыз түрлі ғылым салаларына қатысты іргелі зерттеу еңбектерін осы университет қабырғасында жазып, ел игілігіне айналдырды.

Еліміздің дамуына зор үлес қосып келе жатқан оқу орны бүгінде Қазақстанның жоғары білікті педагог кадрлар даярлайтын негізгі орталығының біріне айналып отыр. Қазақстандағы білікті мамандар мен талантты ғалымдардың, дарынды ұстаздардың үлкен тобы осы киелі шаңырақтан шыңдалып шығып, Отанымыздың дамуы жолында жемісті еңбек етіп жатыр.

Бүгінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті бакалавриат бойынша - 42, магистратура бойынша - 23, PhD докторантура бойынша 4 мамандық даярлайды. Оқу орнындағы 6 факультеттің 27 кафедрасы педагог кадрларды әзірлеуді жүзеге асыруда. Ал сырттай оқу бөлімінде 20 мамандық бойынша қашықтықтан оқыту технологиясы қолданысқа енгізілген. Болашақ педагог мамандарға 41 ғылым докторы, 193 ғылым кандидаты, 22 PhD докторы, 202 ғылым магистрі білім береді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro