Қазнетте әйгілі Eap_kz Instagram-паблигінде жарияланған видео белсенді түрде талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Видеодан екі қыз 11-ші қабаттың, яғни үйдің ең соңғы қабатының балконының күнқағарында отырғанын көруге болады. Олардың тағы екі құрбысы ғимараттың ішінде тұр. Олардың бірдемені қызу талқылап жатқанын және құлап кетуден мүлдем қорықпайтын секілді.

Жарияланған видеоның астында қолданушылар бұл Алматы қаласында түсірілген, Жетісу не Ақкент ықшамаудандары болуы мүмкін деп жазған.
[removed][removed]
Осыған дейін Астанада бір жігіт 15-қабаттан құлап кетіп, мерт болған. Осы оқиғаға дейін Астанада шілде айында қыз бала 22-ші қабаттан құлап кеткен болатын. Қайтыс болған қыз 19 жастағы Қостанай облысының тұрғыны болған. Алдын ала болжам бойынша қыз суицид жасаған болуы мүмкін.
Осы жылдың 11 шілдесінде Алматының "Премьера" Тұрғын үй кешенінде 12-ші қабаттан 3 жасар бал құлап кетіп, қаза тапқан.