Қызғалдақ жұлып, басы дауға қалды: полиция жаңа дерек айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызғалдақ жұлып, басы дауға қалды: полиция жаңа дерек айтты видео кадры

Түркістан облысының полициясы қызғалдақ терген қазақстандыққа қатысты тергеудің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының полициясы қызғалдақ терген қазақстандыққа қатысты тергеудің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның мән-жайы

Түркістан облысының Ордабасы ауданында түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Кадрларда белгісіз біреу гүл жұлып жатқаны көрінеді. Ал сирек кездесетін гүлдерді жинауға заңмен тыйым салынған.

Желіде тараған видеодан Грейг қызғалдағы гүлдей бастағанда кейбіреулері оның әсемдігіне таңданса, ал біреулері заңды бұзып, гүлдерді жұлып алатыны көрінеді. Айта кетейік, жабайы қызғалдақтар 4 жылдан 7 жылға дейін жерде сақталуы мүмкін тұқым арқылы көбейеді. Гүлді жұлса, тұқымы да жоғалады, осылайша жаңа гүл шығуы сирей түседі.

Қызғалдақ Қызыл кітапқа енген. Оны жұлғаны үшін ҚР ҚК-нің 339-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Бұл үшін 3000 АЕК-ке дейін (11 796 000 теңге) айыппұл не қоғамдық жұмыстарға 800 сағатқа дейін тарту түріндегі жаза не 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу/айыру жазасы берілуі мүмкін.

Полиция пікірі

Түркістан облысы Полиция департаменті мәліметінше, қызғалдақ жұлған қазақстандық істегенін мойындаған.

"Әйелге қатысты ешқайда кетпеу және дұрыс мінез-құлық туралы бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазір барлық мән-жайды анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деп жазылған полицияның Tengrinews.kz-ке берген жауабында.

Аймақ прокуратурасы мәліметінше, сот сараптамасы тағайындалған, осы арқылы жұлынған гүлдер расында да Қызыл кітапқа енген-енбегені анықталады. Оның нәтижесі бойынша Шымкент тұрғынының әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети