Қызмет барысында зардап шеккен астаналық өртсөндірушінің отбасына пәтер берілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызмет барысында зардап шеккен астаналық өртсөндірушінің отбасына пәтер берілді Фото:instagram.com/tjm_mchs

Астанада тұрғын үй кешеніндегі өртті сөндіру кезінде зардап шеккен өртсөндірушілердің отбасына баспана бойынша көмек көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада тұрғын үй кешеніндегі өртті сөндіру кезінде зардап шеккен өртсөндірушілердің отбасына баспана бойынша көмек көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана әкімдігі мәліметінше, Мемлекет басшысының атынан төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен қала әкімі Алтай Көлгінов өртсөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті. Пәтер демеушілік қаражат есебінен берілген.

"Өртсөндіруші Аян Кемпіровтің отбасына ипотекалық несиені төлеуге көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтердің отбасына жалпы сомасы 6 миллион теңге несиені төлеуге көмек көрсетілді".

Әкімдік өртсөндірушілер ерлік көрсетіп, бірнеше адамның өмірін сақтап қалғанын атап өтті.

Асқар Забикулиннің жағдайы ауыр, екінші науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі өртсөндірушіні де орденмен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети