Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Абай облысында "Сатып алудың бірыңғай терезесі" арқылы мемлекеттік сатып алу құнын жасанды түрде өсіру деректерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Абай облысында "Сатып алудың бірыңғай терезесі" арқылы мемлекеттік сатып алу құнын жасанды түрде өсіру деректерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кейінгі үш айда облыста 453 миллион теңгеге сатып алу құнын жасанды түрде өсіру дерегі анықталған.
"Қыркүйектің аяғында "Теплокоммунэнерго" МКК ысырмалардың әр данасын 1.2 миллион теңгеден сатып алуға ықпал жасаған. Сатып алу жоспарына сәйкес, ысырмалардың саны 130 бірлік, ал жалпы сомасы 161 миллион теңге. Алайда, бұл өнімнің нарықтағы максимал құны
845 мың теңгеден аспайды.Антикордың әрекетінен кейін коммуналдық кәсіпорынның сатып алу жоспарына тиісті түзетулер енгізілді. Нәтижесінде кәсіпорын бюджеті 51 миллион теңгені үнемдеп, сатып алынатын өнім санын 150 бірлікке дейін ұлғайтқан", - делінген хабарламада.
Мемлекеттік кәсіпорындардың тарапынан да қызметтерді негізсіз сатып алуға жол беріліп келген.
"Мысалы, "Шүлбі ГЭС" ЖШС "КТС бойынша декларация жасау және бюджетке салықтар мен төлемдерді есептеудің дұрыстығын тексеру" қызметін сатып алуды жоспарлаған. Бұл қызметке аталған квазимемлекеттік секторда 1.7 миллион теңге қарастырып қойған. Бұл ретте, ұйымның салық есептілігін дайындап, тапсыруға міндетті штаттық қызметкер-есепші бар болған. Аталған сатып алудың да күші жойылды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің заттай нормасында көзделмеген тауарларды сатып алуға конкурстарды жариялау деректері анықталған. Мұндай сатып алудың күші "Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы" КМҚК-мен жойылған, онда 320 мың теңгеге кофемашинасын сатып алу жоспарланған.
"2022 жылдың желтоқсанында бюджет қаражатын игеру мақсатында, Аягөз ауданының әкімдігі 216 миллион теңге сомасына 27 бірлік қызметтік автокөлік сатып алуды жоспарлаған. Алайда, бір көліктің (Chevrolet Cobalt) құны 1.5 миллион теңгеге асыра бағаланған. Сатып алу құнын қайта қарау туралы жолданған ұсыныс хаттан кейін әкімдік 216 миллион теңгеге автокөлік құралдарын сатып алудан мүлдем бас тартқан.", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!