Алматы тұрғындары мен қонақтарына маңызды ескерту жасалды. Іле Алатауы тауларындағы қар көшкіні туралы ескерту ең жоғары деңгейге көтерілді. Қазіргі уақытта өздігінен немесе абайсыз қадамнан қар көшкіні болу қаупі өте жоғары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
27 ақпан күнгі қаркөшкін бюллетеніне сәйкес, Іле Алатауы тауларында лавиналық қауіп жоғары (қызыл деңгей).
Соңғы күндері тауда ауа райы күрт өзгерді:
- Артынша мол қар жауды (60–70 см дейін)
- Қар жамылғысы 120–200 см-ге жетті.
"Мұндай жағдайда өздігінен және адам әсерінен болатын қар көшкіндері өте ықтимал. Әсіресе Кіші және Үлкен Алматы өзендері алабында, Медеу – Шымбұлақ маңында, биік таулы аймақтарда қауіп жоғары", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты құтқарушылар маңызды ескерту жасады:
- Тауда серуендеу, фрирайд, альпинизммен айналысу – өмірге қауіпті.
- Ресми ескертулерді қатаң сақтаңыздар.
- Құтқару құралдарынсыз қауіпті беткейлерге шықпаңыздар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!