13 сәуір 2022 | 11:27

"Қызыл жұмыртқа" амалы. Мамырдың басында күн неге суық болады?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: elements.envato.com Көрнекі сурет: elements.envato.com

Қазақ халқы ертеден әр нәрсеге байыппен қараған сұңғыла халық болған. Ауа райының өзгерісін, жұлдыздардың орналасуын, олардың туып-батуын болжап, сол арқылы астрономия саласына қатысты түсінік пен білім қорын жинақтаған. Халқымыздың дүниетанымында "амал" деген ұғымның маңызы зор. Tengrinews.kz тілшісі тарих ғылымдарының кандидаты, этнограф Бабақұмар Хинаятұлымен сөйлесіп, көктемде қандай амалдар бар екенін сұрады.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақ халқы ертеден әр нәрсеге байыппен қараған сұңғыла халық болған. Ауа райының өзгерісін, жұлдыздардың орналасуын, олардың туып-батуын болжап, сол арқылы астрономия саласына қатысты түсінік пен білім қорын жинақтаған. Халқымыздың дүниетанымында "амал" деген ұғымның маңызы зор. Tengrinews.kz тілшісі тарих ғылымдарының кандидаты, этнограф Бабақұмар Хинаятұлымен сөйлесіп, көктемде қандай амалдар бар екенін сұрады.

"Амал" деген не?

Қазақ бір жылдағы 365 күнді төрт тоқсанға, яғни төрт жыл мезгіліне бөлген. Осылайша, әр жыл мезгілінде болатын табиғат құбылыстарын ерекше зерделеген. Себебі негізгі тұрмыс-тіршілік көзі саналатын төрт түлік малға қауіп төне ме деп сескенген. Соған орай болжамдар жасаған. Этнограф Бабақұмар Хинаятұлының айтуынша, амал он екі ай ішінде табиғатта болатын барлық құбылысқа байланысты халық даналығынан туындаған болжамдардың атауы. 

"Ертеде бір жыл ішіндегі табиғаттағы өзгерістерді бақылап, кейін оны малшыларға айтып отыратын есепшілер болған. Қазақ халқы үшін төрт түліктің маңызы зор. Сондықтан малшылар үшін тоғыс есебін білу өзекті болған. Есепшілердің деректері арқылы малшылар кез келген айдағы амал қалай өтетінін шамалап отырған, соған сай шаруасын қамдаған. Бұл тақырып "Амал - фенологический календарь у казахов" және "Қазақ дəстүрлі календары жəне этноастрологиясы мəселесінің зерттелу тарихынан" атты мақалаларда да кең қарастырылды", - деді Бабақұмар Хинаятұлы.

Ал "тоғыс есебі" дегеніміз - Үркер шоқжұлдызына негізделген күнтізбе. Айдың Үркерді өтуі "тоғыс, тоғаю" деп аталған.

Амал қашан басталады?

Этнограф көктем мезгіліндегі амалдар наурызда басталатынын айтты. 

"Халқымыз көктемнің бірінші айы - наурыздың аяғындағы, шамамен 17-21 аралығындағы табиғат құбылыстарынан сақтанған. Шығыс халықтары, оның ішінде қазақ халқы да Ұлыстың ұлы күнін наурыздың 22-сінде атап өткен. Бұл күн "жыл басы" есептелген. Наурызда күн жылып, табиғат бусанған. Ал жаңа ай туғанға дейінгі кезең "өліара" деп аталады. Бұл кезде аспанда ай көрінбей қалатын болған, сонымен қатар, келер айға болжам жасалған. Сондықтан тілімізде "өліарада жауын-шашын жауса, келер ай да жауын-шашын болады" деген ұғым қалыптасқан", - деді маман.

"Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігінде" өліара ескі ай мен жаңа айдың аралығындағы мерзім екені айтылады. Өліарада табиғатта өзгерістер болған, күн бұзылған.

"Құс қанаты"

Тілімізде "құс қанатымен келгендей", "құс қанатымен келгендей суық" секілді теңеулер кездеседі. Бірақ көпшілігі бұл сөздің мәнін жете түсіне бермейді. Ал оның мәні мына амалға байланысты болған:

"Наурыздың аяғында жылы жаққа ұшып кеткен құстар қайта ұшып келе бастайды. Осы кезде қар аралас жаңбыр жауып, жел тұрады. Бұл кезең "құс қанаты" деп аталған", - деп түсіндірді этнограф.

"Аласапыран" деген не? 

"Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі" атты энциклопедия бойынша, "аласапыран" - дәстүрлі фенологиялық күн қайыру жүйесіндегі амал атауының бірі. Көктемде қыс бойы жауған қар еріп, сол еріген қар айналаны лайға айналдырған. Бұл "аласапыран" деп аталған.

Этнографтың айтуынша, сәуірдің, яғни көкектің ортасында найзағай ойнап, жаңбыр жауған. Халқымыз осы кезеңге қатысты бүкіл шаруасын қамдаған, ерте дайындалған. Мысалы, Батыс өңірде түйе сүтін ашытып жасайтын шұбатты дәл осы кезеңде өзгелерге ұсынған. Оған дейін үйдегі ақты көпшілікке бермеген. Қазақ бұл кезеңдегі найзағай жарқылын "Қызырдың қамшысы шартылдады, қыс кетті" деп айтқан. Яғни, оның түпкі мәнінде "найзағай ойнады, қыс ызғары кетті, көктем келді" деген мағына жатыр.

"Тобылғы жарған" қашан болады?

Қазақта "тобылғы жарған" деген амал бар. Осы тіркестегі "тобылғы" деген сөзге назар аударуға болады. "Қазақ әдеби тілінің он бес том сөздігіне" сүйенсек, тобылғы - сабағы өте берік, қатты, түзу, жапырағы қауырсын тәрізденіп тілімделген бұта.

"Көкектің аяғында күн салқындап, жел соққан. Ол "тобылғы жарған" амалы деп аталады. Бұл амал табиғат ананың бусанып, қардың еріп, өсімдіктердің қара жерге тамыр жайып, бүршік ата бастаған кезіне байланысты болады", - деп түсіндірді маман.

Этнограф мамырдың басында күн неге суық болатынын түсіндіріп берді.

"Мамырдың алғашқы апталарында құстар балапан басып шығарады. Бұл "қызыл жұмыртқа" амалына сай келеді. Осы амал кезінде 1-2 күн суық болады. Ал халқымыз мамырдың аяғындағы суық желдi "Құралайдың салқыны" деп атаған. Өйткені осы кезде киiк құралайларын далаға жіберетін болған", - деді Бабақұмар Хинаятұлы.

"Қызыл жұмыртқа" туралы Ә.Диваев (Диваев А. Месяца по киргизскому стилю с обозначением народных
примет) 
пен Мәшһүр Жүсіп Көпей (Көпей М.Ж. Жыл мезгілдері туралы) атты еңбектерінде айтады. Әр өңірдегі амал атаулары да өзгеше. Мысалы, Алтайдағы амалды Сұлтан Тәукейұлы ("Ата таным"), Арқадағы амалды Кәмел Жүніс ("Бұрынғы қазақтар ауа райын қалай болжаған?") қарастырған. Жетісу бойындағы деректер Фиельструптың "Из обрядовой жизни киргизов начала ХХ века" еңбегінде аталады. Маңғыстау бойындағы амал туралы деректі 2007 жылы экспедиция барысында Жаңаөзенде және Сенек ауылында жазып алған едім. Әсіресе құнды деректі Маңдайлы Қосым деген апа тарқата айтып берген еді", - дейді маман.

"Құралайдың салқыны" шамамен 20 мамырдан басталған. Кейін бір аптадан аса уақытқа созылған. Бұл кезең мал ұстаған адамға да, малға да да жайсыз болған. Оны ақын Сырбай Мәуленов "Баяғы сол тәртібі - келеді жел арқылы" деп сипаттаған.

"Қырық күн шілде" қашан болады?

Маусым мен шілдеде күн ерекше ысып кетеді. Ыстық шамамен қырық күнге созылады. Осыған орай "қырық күн шілде" немесе "сарша тамыз" деп аталған. Сонымен қатар, "қырық күн шілде түсті" - аптап ыстық келді, "аспан айналып, жерге түсердей", "аптап ыстық, күн шыжыды" деген тіркестер туындаған. 

Көктемнің аяғында, мамырда аспанда Үркер шоқжұлдызы көрінбей қалатын болған. 

"24 маусымда Үркер батыстан көрінген. Осыдан кейін 40 күнге созылатын ыстық басталады", - деді этнограф.

"Бесқонақ" деген не?

Көкектің ортасында күн салқындап, кейде қар жауады. Халқымыз бұл кезеңді "Бес қонақ" немесе "Отамалы" деп атаған. Ол сәуірдің ішінде болған. Кей деректерде Арқа қазақтары "отамалын" ай атауы ретінде қолданатыны айтылады. "Отамалы" біткесін күн жылынған, мал көкке тойған.

Қазақ сапарға шықпайтын, малды алысқа жаймайтын кез - Бесқонақ

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети