20 ақпан 2014 17:58

Қызылжарда көпқабатты жатақхана құлағалы тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

апатты жағдайдағы жатақхана апатты жағдайдағы жатақхана

Қызылжарда көпқабатты жатақхана құлағалы тұр. Бүгін апатты жағдайда тұрған сол ғимараттан 54 адам сыртқа шығарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 1982 жылы салынып, көп жылдардан бері жөндеу түгіл, бір де бір сылақ көрмеген үйдің төменгі қабатындағы плиталары опырылып кеткен. Абырой болғанда адам шығыны бола қойған жоқ. Қазір қалалық әкімдік жатахана тұрғындарын орналастыру мәселесін қарастыруда. Олар үйлерінен құжаттан басқа заттарын алып шыға алмағандарын айтады. Жатақхананың бірінші қабатында дүкендер орналасқан. Саудагерлер қолдан келгенше тауарларын аман алып қалуға тырысып-бағуда. Оқиға орнында жедел-жәрдем қызметі кезекшілік атқаруда. Балалар мен әйелдер уақытша жатақхана алдына әкеп қойылған қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің автобустарын паналауда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети