05 желтоқсан 2019 09:20

Қызылжарда құрылыс компаниясының жұмысшылары бір жылдан бері жалақысыз отыр

Видео кадры Видео кадры

Қызылжарда былтыр қаржылық қысылтаяңға тап болып, кәсіпорын қызметін уақытша тоқтатқан құрылыс компаниясының 300-ге жуық маманы бір жылдан бері жалақысыз отыр, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Қызылжарда былтыр қаржылық қысылтаяңға тап болып, кәсіпорын қызметін уақытша тоқтатқан құрылыс компаниясының 300-ге жуық маманы бір жылдан бері жалақысыз отыр, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, "Казградстрой" компаниясына қатысты дау былтырдан бері шешілмей келеді. Бес бірдей тұрғын үй кешенін тұрғызып жатқан серіктестік ішкі ұрылардың кесірінен қаржылық қысылтаяңға тап болып, тұралап қалды. Кәсіпорында бас-аяғы 300 жуық адам жұмыс істеген.

Оның басым бөлігі келісімшартпен қызмет етіпті. Бүгінде компанияның өз жұмысшылары алдындағы берешегі 50 миллион теңгеден асқан. Бір жылдан бері талай табалдырықты тоздырған құрылысшылар терлеп тапқан ақшасын қалай қайтарарын білмей дағдарып отыр.

"Мен дәнекерлеу бригадасында жұмыс істедім. Компания маған 460 мың теңге қарыз. Қала мен облыс басшылығына, еңбек инспекциясына жолықтым. Бірақ бәрі қамсыз отырған сияқты. Бір жылдың ішінде маған 23 мың теңге ғана қайтарылды", - дейді компания дәнекерлеушісі Қайрат Ахметов.

Телеарна мәліметінше, Казградстрой компаниясының өкілдері өз мүлкіне қол жеткізе алмай отыр. Құрылыс тоқтағаннан кейін әкімдік кәсіпорынның бүкіл техникасы мен материалдарын тәркілеп алған. Енді тығырыққа тірелген компания қалалық әкімдіктен бұрынғы қарызын өндіріп алмақ.

"Казградстрой" компаниясы мемлекеттік бағдарламаға енген "Қызылжар 2" және "Трио 2" тұрғын үй кешендеріне арналған жобалық сметалық құжаттаманы өз қаражатына жасады. Қос жобаның құны 200 миллион теңгеден асады. Сот бұл құжаттардың компанияға тиесілі екенін растады. Енді біз оны сот арқылы емес, жеке медиаторлар арқылы өндіретін ойымыз бар. Бірақ қалалық әкімдіктен әзірге жауап жоқ", - дейді компания өкілі Юлия Дуплянкина. 

Билік өкілдері болса, қазір аталған құрылыс компаниясын тірілтумен емес, жұмысшылардың қарызымен айналысып жатқандарын жеткізді. Шенеуніктер құрылыс компаниясының жеке мүлкін аукционға шығармақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети