Қызылорда қаласы күнін мерекелеу гала-концертпен қорытындыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда қаласы күнін мерекелеу гала-концертпен қорытындыланды

Тұран төрінен орын алған Сырдың сәулетті шаһары Қызылорда қос ғасыр көшінде талай тарихи кезеңдерді басынан өткерген қойнауы тарихқа толы қасиетті мекен.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұран төрінен орын алған Сырдың сәулетті шаһары Қызылорда қос ғасыр көшінде талай тарихи кезеңдерді басынан өткерген қойнауы тарихқа толы қасиетті мекен.

Биыл Қызылорда қаласын мерекелеудің мәні ерекше. Түрлі форматтағы акциялар мен қайырымдылық істер, басқосулар бір айы бойы жалғасты. Қала көшелерін дүбірге бастаған "Жастар карнавалы", этно-ауыл форматындағы "Сырдың қырық қазаны" жобасы тұрғындарды ерекше думанға бөледі.

Кітап фестивалі, поэзия кеші қызылордалықтарға рухани серпіліс әкелсе, "Жастық шағымның куәсі Қызылорда" ретро әндер фестивалі мерекенің көркін қыздыра түсті. Ал, тұңғыш рет ұлттық спортты ұлықтаған "Бала барысы - 2022" ауқымды шарасы көрермен көңілінен шықты.

Қала күніне арналған мерейтой ауқымды гала-концертпен қорытындыланды. "Бірлік пен бақыт арнасы, қазақтың Қызылордасы" атауында өткен іс-шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, қала тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.

Мерейлі мерекеде қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуына және қоғамдық - саяси өмірінің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері үшін бірқатар азаматтарға Қызылорда қаласының "Құрметті азаматы" атағы берілді.

Сондай-ақ, гала-концертте сүйікті қаламыздың қарқынды дамуына түрлі салада өз үлестерін қосып жүрген "Еңбек озаттарының" шеруі өтті.

Мерекелік шарада көрермен алдында жергілікті шығармашылық ұжымдары, сондай-ақ қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары Қайрат Нұртас, Мирас Жүгінісов, Nazima және Raim өнер көрсетіп, қызылордалықтарға ерекше көңіл күй сыйлады. Мереке соңында 12 мыңға жуық көрермен музыкалық отшашу тамашалады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети