26 сәуір 2024 | 09:40

Қызылорда қаласында "Жасыл аймақ" акциясына ардагерлер де атсалысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қоршаған ортаны таза әрі ұқыпты ұстау – әрбір азаматтың басты парыздарының бірі. Себебі, табиғат – баршамызға ортақ құнды байлық. Қазақта ежелден табиғатты аялауға, жақсы көруге үлкен мән беріледі. Сол үшін де атадан балаға жалғасқан игі іс халық арасында өз құндылығын жоғалтқан емес. Сондықтан да, дәстүрін діңгек еткен дана халқымыз көктем шығысымен аумақты көкжелекке айналдыруға атсалысып, тал отырғызуда белсенділік танытады.

Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде елімізде "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясының үшінші аптасы "Жасыл аймақ" тақырыбында жалғасуда.

Осы ретте, Сырбойылық бір топ ардагерлер және зиялы қауым өкілдері қаладағы Қорқыт ата ескерткіші маңында Сыр талын отырғызып, аталмыш акцияға өз үлестерін қосты. Бұдан бөлек, ардагерлер ескерткіш аумағында әдемі гүлдер екті.

Шара барысында облыстық ардагерлер кеңесі төреағасының орынбасары Өмірбек Шәменов акцияға қатысты өз пікірін білдіріп, жас ұрпаққа табиғаттың жанашыры болуға және айналаны барынша таза ұстауға шақырды. Осы арқылы аймағымыздың экологиялық ахуалын жақсартып, жан-жағымызды жасыл-желекке айналдыруға үлкен мүмкіндік болары сөзсіз екенін тілге тиек етті.

Айта кетейік, "Жасыл аймақ" апталығы Қызылорда қаласы және барлық аудан орталықтарында ерекше шаралармен жалғасуда.

Қызылорда облысы әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 500.42   526.9   4.65 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети