Қызылорда қаласында “Қожақ“ көпірі – ел игілігіне қайта оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда қаласында “Қожақ“ көпірі – ел игілігіне қайта оралды Фото: Қызылорда әкімдігінің басчпасөз қызметі

Қызылорда қаласында соңғы жылдары жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Облыс орталығында және оған қарасты елді мекендерде әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер бой көтеріп, көшелер мен алаңдар жаңарып, абаттандыру жұмыстары жанданды. Осындай игі бастамалардың бірі – Қызылөзек ауылдық округінде жүзеге асып отыр, - деп хабарлайды Қызылорда әкімдігі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда қаласында соңғы жылдары жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Облыс орталығында және оған қарасты елді мекендерде әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер бой көтеріп, көшелер мен алаңдар жаңарып, абаттандыру жұмыстары жанданды. Осындай игі бастамалардың бірі – Қызылөзек ауылдық округінде жүзеге асып отыр, - деп хабарлайды Қызылорда әкімдігі.

Әкімдік мәліметінше, тұрғындардың қауіпсіз қатынауына кедергі келтіріп келген апатты жағдайдағы "Қожақ" көпірі толықтай қайта жаңғыртудан өтіп, халық игілігіне пайдалануға берілді.

Көпірдің ашылу салтанатына ел ағалары, ауыл ардагерлері, зиялы қауым және тұрғындар жиналды. Көпірдің ресми ашылу рәсімінде сөз алған Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов тұрғындарды құттықтап, жобаның маңыздылығына тоқталды.

"Қожақ" көпірінің қайта жаңғырту жұмыстарын жауапкершілігі шектеулі серіктестік жүргізген. Салтанатты шара барысындақала әкімі Нұржан Ахатов мердігер мекеме қызметкерлеріне өз алғысын білдіріп, бірқатар еңбеккерлерге Алғыс хаттар табыстады.

Биылғы жылы Қызылөзек ауылдық округінің инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға барлығы 1 миллиард 600 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл қаражат ауылдың заманауи келбетінқалыптастыруға бағытталып отыр.

Атап айтқанда, елді мекеннің электр желілері толық жаңартылуда, жол құрылыстары жүргізіліп, көшелерге күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жасалуда. Сонымен қатар, ауылда жарық бағаналары орнатылып, балаларойын алаңының құрылысы басталып кетті.

Қызылорда әкімдігі соңғы екі жылда Сыр өңірінің орталығында 3 жаңа көпір бой көтеріп, әуежайдан қалаға дейінгі 3 көпір қайта жаңғыртудан өткенін хабарлады. Сондай-ақ, Сұлтан Бейбарыс – Жаппасбай батыр көшелеріндегі теміржол үсті көпірі жаңарды, ал қазір Жанқожа батыр көшесі арқылы теміржол асты өткелі салынып жатыр.

Міне, осы игілікті істердің жалғасы ретінде Қызылөзек ауылындағы "Қожақ" көпірінің қайта жаңғыртылуы – өңірдегі тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып отыр.

Қорытындылай келе, Сыр елінің дамуы жолындағы мұндай жобалар тек тұрғындардың өмірін жеңілдетіп қана қоймай, елді мекендердің әлеуметтік және экономикалық өркендеуіне серпін береді.

Қайта жаңғырған "Қожақ" көпірі – ел бірлігінің, өңірдің өркендеуінің және билік пен халықтың өзара түсіністігінің айқын көрінісі.

Tengrinews
Қызылорда әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети