10 қыркүйек 2020 | 12:23

Қызылорда қаласының әкімі Сыр салысына алғашқы орақ салу рәсіміне қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қарауылтөбе ауылдық округінің егіс алқабында болып, Сыр салысына алғашқы орақ салу рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қарауылтөбе ауылдық округінің егіс алқабында болып, Сыр салысына алғашқы орақ салу рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шаһар басшысы алдымен ауыл шаруашылық саласының биылғы көрсеткіштері мен Ы.Жахаев атындағы "Қазақ күріш шарушылығы" ҒЗИ ЖШС-нің ғылыми жетістіктерімен танысып, дала маржанына орақ түсу науқанын ашып берді.

"Мехнатты тірліктің тереңіне бойлап, ала жаздай атыз аралап, егіс жағалаған ағайынның еңбегіне табыс тілеп, "Сыр сұлуы" мол өнім беріп, қамбамыз қазынаға, ел іші ырысқа кенелсін", - деді қала әкімі шара барысында.  

Биыл қала дихандары жалпы аумағы 8 мың 747 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырса, оның ішінде 4 мың 75 гектарға басты дақыл күріш егілді. Кейінгі кезде саннан бұрын сапаға ынта қоя бастаған қала күрішшілері биылғы жылы да айтарлықтай табысты көрсеткіштерге қол жеткізуді межелеп отыр.

"Бірінші кезекте диқандардың жаздың аптабында, күтіп баптаған, маңдай терінің жемісін шашпай-төкпей, жауын-шашынға қалмай жинап алу мәселесі тұр. Ол үшін қажетті техника сақадай сай, жұмыс күші жеткілікті. Болжаммен биыл әр гектердан 50-55 центнер шамасында өнім аламыз деп болжап отырмыз", - дейді Ы.Жахаев ҒЗИ ЖШС-нің өндіріс жөніндегі орынбасары Рүстем Оңдашов. 

Ғылыми зерттеу институты ағымдағы жылы тәжірибелік алаң саналатын Қаруылтөбедегі егіс даласының 275 гектарына "Сыр сұлуы" сұрыбын еккен.

"Отандық сорт басқа күріш түріне қарағанда суды аз қажет етеді және аймақтың стресстік табиғи-климаттық, топырақ мелиоративтік жағдайына бейімделген, потенциалды өнімділігі мен дәмдік қасиеттері жоғары, ору, бастыру және өңдеу кезіндегі механикалық әсерлерге төзімді, соның нәтижесінде бүтін дәндердің жоғары шығымдылығын қамтамасыз етеді", - дейді институт директоры Бақытжан Дүйсембеков.

Биыл аймақтағы су тапшылығына байланысты қала дихандары егін шаруашылығын әртараптандыруға басымдық берген. Бұл бағытта 70 гектарға қант құмайын, 100 гектарға соя, 302 гектарға жаздық, 90 гектарға күздік бидай егілді.

"Әртараптандыруға уақытылы ден қою қалаға қарасты шаруашылықтардағы су тапшылығын болдырған жоқ" - дейді, ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Дәулетбек Абдирасулов.

Бүгінде бидай, сұлы, арпа, картоп, көкөніс, бақша дақылдары толығымен жиналып, картоптың әр гектарына 127,0, арпадан 2,4, сұлыдан 4,7,жаздық бидайдан 12,2, күздік бидайдан 7,0, көкөністен 127,6, бақшадан 131 центнерден өнім алынып жатыр.

Алдын ала жасалған кестелер бойынша егілген күріш алқабының суын тарту жұмыстары 1 қыркүйекте аяқталып, күріш ору жұмыстары 9 қыркүйекте басталды. Ағымдағы жылы егілген 4075 гектар күріш егістігінің шығымдылығын сала мамандары зерделеу барысында 2852 гектары (70,0 пайыз) "жақсы", 1018 гектары (25,0 пайыз) "орташа", 205 гектары (5,0 паыйыз) "қанағаттанарлық" деп бағаланып отыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети