06 қыркүйек 2019 | 17:12

Қызылорда облысы активінің отырысында алғашқы кезекте орындалатын басты міндеттер талқыланды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысы активінің отырысында алғашқы кезекте орындалатын басты міндеттер талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысы активінің отырысында алғашқы кезекте орындалатын басты міндеттер талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына арнаған тұңғыш Жолдауында Президент Үкіметке, салалық министрліктерге, әкімдерге және жауапты тұлғаларға ел экономикасын серпінді дамыту бойынша зор міндеттер жүктеп, нақты нәтижеге қол жеткізуді тапсырды. Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов облыс активін жинап, аймақта алғашқы кезекте орындалатын басты міндеттерді талқылады.

Актив отырысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Сарқұлов Ұлан Серікұлы, жергілікті мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекеме басшылары, ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері, саяси партиялар мен азаматтық қоғам институттарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Айта кету керек, әлеуметтік саланы кеңінен қамтыған, мәні мен маңызы айрықша бұл Жолдауды ел ерекше ықыласпен қабылдауда. Бұл орайда, ендігі міндет - әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту арқылы тұрақтылық пен татулықты нығайту екенін аймақ басшысы айтты.

"Президентіміз индустрияландырудың үшінші бесжылдығын жүзеге асыру барысында бұрын жіберілген қателіктер мен олқылықтарды ескеру қажеттігін атап өтті. Жалпы, индустрияландыру бағдарламасының І және ІІ бесжылдығы аясында өңірімізде құны 150 млрд теңгені құрайтын 24 жоба іске асырылып, 1,6 мың жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде, өнеркәсіп өніміндегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 2010 жылы 4,3 пайыздан 2018 жылы 12,6 пайызға жетті, яғни бұл көрсеткіш 3 есеге артты. Сонымен қатар, шикізаттық емес экспорт көлемі соңғы 3 жылда 3 есеге өсті. Екінші бесжылдық аясында 28 жобаның 7 іске қосылды, жыл соңына дейін тағы 4 жоба жұмысын бастайды", - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарға қойылған міндеттердің бірі - шетелден тікелей инвестиция тарту.

Осы орайда, облыста инвестиция тартуды жетілдіру жөнінде іс-шаралар жоспары жүзеге асырылып, 2016 жылдан бастап инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткен жөн.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауда әлеуметтік жаңғыруға ерекше маңызды мәселе тұрғысынан тоқталды. Білім саласы мен мамандар даярлау жүйесінің нақты еңбек нарығынан тыс қалуына байланысты мәселелер айқындалды:

"Өздеріңізге белгілі, үш жыл қатарынан қызылордалық түлектердің университеттер мен колледждерге түсу көрсеткіші 97 пайызға жетті. Қазіргі кезде облыстың экономикасын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік білім беру тапсырысы аймақтың мамандарға деген сұранысы негізінде орналастырылуда. Нәтижесінде, 2019-2020 оқу жылында 22 жаңа мамандық ашылды. Облыстың еңбек ресурстары балансына сәйкес колледждерде "жаңа мамандықтар атласын" зерделей отырып, өңірге қажетті жаңа мамандықтарды ашуды және бітірушілерді тұрақты жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізуді жандандыруымыз қажет", - деп атап өтті аймақ басшысы.

Мемлекет басшысы жастарды белсенді волонтерлік жұмысқа тарту қажеттігін сөз етіп, бұған тек кредиттер мен оқудағы жеңілдіктер үшін емес, өздерінің жүрек қалауымен, шынайы ниетімен келуі тиістігін ескерткен

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети