20 сәуір 2018 | 16:15

Қызылорда облысы бойынша ҰҚК департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Қызылорда әкімінің баспасөз қызметі © Қызылорда әкімінің баспасөз қызметі

Қызылорда облысы бойынша ҰҚК департаментінің жаңа басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысы бойынша ҰҚК департаментінің жаңа басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Актив отырысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Ұлттық қауіпсіздің комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің жаңа басшысын таныстырды.

2014 жылдан осы кезге дейін аумақтық департаменттің бастығы қызметін атқарып келген Таңат Жүнісов комитет академиясының бастығы лауазымына тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің бастығы лауазымына Мақсұт Баймағамбетов тағайындалды.

Мақсұт Кәкімұлы 1966 жылы туған. Қазақ политехникалық, сондай-ақ Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институттарын бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы Арқалық қаласындағы Алексеев қиыршықтас зауытында бас маркшейдер ретінде бастаған.  1993 жылдан бастап ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарып келеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығымен 2014 жылдан осы кезге дейін аумақтық департаменттің бастығы қызметін атқарып келген Жүнісов Таңат Рымбекұлы комитет академиясының бастығы лауазымына тағайындалды.

"Таңат Рымбекұлы аймағымызда қызмет атқарған жылдары өңірімізде тұрақты жедел ахуал сақталып, Департамент тарапынан басқа мемлекеттік органдармен өзара тиімді іс-қимыл орнатылды. Сондықтан да, өңіріміздің ұлттық қауіпсіздігін сақтау мен нығайтуда жемісті еңбек еткені үшін Таңат Рымбекұлына Сыр жұртшылығы атынан алғысымды білдіремін және алдағы жұмыстарына табыс тілеймін", - деді облыс әкімі.

Сыр елінің ұлттық қауіпсіздігі саласына сіңірген мінсіз қызметі үшін Таңат Жүнісов Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети