Қызылорда облысы ІІД-не жаңа басшы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ сайтына сілтеме жасап.
Қызылорда облысы ІІД-не жаңа басшы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ сайтына сілтеме жасап.
"Бүгін ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты Марат Демеуов Қызылорда облысы ІІД-нің жаңа бастығын жеке құрамға таныстырды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қызылорда облысы ІІД бастығының лауазымына полиция полковнигі Қайрат Болатұлы Мұхитов тағайындалды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Мұхитов Қайрат Болатұлы Онтүстік-Қазақстан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1983 жылы бастаған. 1987 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған. Әр жылдары жедел қызметтерде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Соңғы лауазымы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.
Марат Демеуов жаңада тағайындалған облыстық полиция басшысына оның кәсіби және жеке қасиеттерін атап көрсете отырып, жемісті еңбек тіледі.
Ал Қызылорда облысының бұрынғы ІІД басшысы Жанат Сүлейменов ОҚО ІІД-не басшы болып тағайындалды. Ол 2014 жылдан бері Қызылорда облысы ІІД басшысы болып қызмет етті.