Қызылорда облысында 366 сотталушыға рақымшылық жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында 366 сотталушыға рақымшылық жасалды Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қызылорда облысының түзеу мекемелеріндегі 366 тұтқын ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылыққа ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысының түзеу мекемелеріндегі 366 тұтқын ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылыққа ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталғандардың жеке істері "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңның ережелері мен талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зерделенді және жаңартылды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 366 сотталған адамға рақымшылық жасалды.

"Атап айтқанда, түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілердің 81-і жазадан босатылып, 46 адам бостандыққа шықты, 35 сотталған адамның жаза мерзімі қысқартылды.

Пробация қызметінің есебінде тұрған 285 адамның 98-і негізгі жазадан одан босатылып, есептен шығарылды, есепке алынған 187 адамның жаза мерзімдері қысқартылды",-деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети