Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауылында аттракцион кабинасы салбырап, сынып кетті. Абырой болғанда, оқиға кезінде кабинада адамдар болмаған. Оқиға орнында түсірілген видеоны журналист Гүлмира Әбіқай Facebook-те жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазба авторы бұл аттракцион ауылда жуырда орнатылғанын жазған. Оқиғаға дейін жергілікті тұрғындар оған отырып үлгерген екен.
"Оқиғаға дейін қызым аттракционға отырған. Билік неге халықтың қауіпсіздігін ойламайды?", – деп ашуланды жергілікті тұрғындардың бірі.
Қызылорда облысы әкімдігінде жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Видео 15-17 қазан аралығында аттракционды техникалық тексеру кезінде түсірілген. Видеодан көріп отырғандарыңыздай, аттракционда адамдар болмады, зардап шеккендер жоқ", – деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!