19 ақпан 2022 17:16

Қызылорда облысында балықтар қырылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет Көрнекі сурет

Қызылорда облысындағы Қарашалаң су айдынында балық шабақтарының қырылу оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. 


Қызылорда облысындағы Қарашалаң су айдынында балық шабақтарының қырылу оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. 

"18 ақпанда сағат 16.30 шамасында Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылдық округіне қарасты Қарашалаң су айдынына балық шабақтарының қырылу оқиғасы тіркелді. Ол Сырдария өзенінен су алатын Сағынбай арнасында орналасқан. Оны жергілікті халық Көгіш деп атайды. Жедел түрде құзырлы органдардың бірлесіп жұмыс жасау алгоритміне сәйкес қажетті іс-шаралар қолға алынды", - деді балық шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Аслан Жеңісов. 

Ведомство мәліметінше, бұл бағытта Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы тарапынан арнайы топ құрылған. Мамандар оқиға болған жерге аттанған. Қосымша ақпарат кейін жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети