Қызылорда облысында егін егу жұмыстары аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында егін егу жұмыстары аяқталды

Қызылорда облысында егін егу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында егін егу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл Қызылорда облысы бойынша 183,1 мың гектар жерге егiн егу жоспарланған. Оның ішінде: дәндi дақылдар 95,7 мың, майлы дақылдар 6,0 мың, малазықтық дақылдар 61,6 мың, картоп, көкөнiс, бақша 17,7 мың гектар. Ал, негізгі дақыл күрiштің көлемі 88,2 мың гектар. Осы уақытта алқаптардағы 86 989 гектарға дән себіліп, 86 989 гектар егіс толық суға бастырылған.

Қазіргі таңда, ерте егілетін дақылдар жаздық бидай, арпа,сұлы, мақсары, қант құмайы толығымен орналастырылған.

Сонымен қатар, картоп, көкөніс, бақша және басқада дақылдарды егу жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, бүгінгі күні 3,5 мың гектар картоп, 4,7 мың гектар көкөніс, 6,9 мың гектар бақша, 927 гектар сүрлемдік жүгері, 155 гектарға тары, 65 гектар малазықтық асқабақ егілген.

Қазіргі уақытта шаруашылық құрылымдары өткен жылғы жоңышқа дақылының 1-орымын жинауға кірісіп кетті. Күтімге алынған 42,2 мың гектар ескі жоңышқаның 3,2 мың га тұқымға қалдырылса, орылуға тиісті 38,9 мың гектар жоңышқаның  11,5 мың гектар орақ түсті. Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети