Қызылорда облысында жаңа оқу жылында тоғыз “Келешек мектебі“ шәкірттер қабылдайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында жаңа оқу жылында тоғыз “Келешек мектебі“ шәкірттер қабылдайды

Мемлекет басшысының, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірінде жүзеге асқан байыпты бастамалар мен жасампаз жобалар игілігін жұртшылық көріп келеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысының, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірінде жүзеге асқан байыпты бастамалар мен жасампаз жобалар игілігін жұртшылық көріп келеді.

Облыс бюджеті 823 миллиард 400 миллион теңгені құрап, 2022 жылдан бері 226 пайызға өсті. Бұл қаражат ең өзекті мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталды.

Тұрақты қолдау білім саласындағы жаңашыл бастамаларға, жарқын жетістіктерге негіз болды. Сәулеті мен келбеті келіскен жаңа мектептер бой көтерді. Аймақтың білім беру саласына соңғы үш жылда 812 миллиард 245 миллион теңге, биыл 346 миллиард 800 миллион теңге бөлінді. Қаржыландырудың барлық көзінен өткен жылы 31 миллиард 800 миллион теңгеге 13 білім беру ұйымы жаңадан ашылды.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында 54 миллиард 400 миллион теңгеге 6 900 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілуде. Бүгінде 9 мектеп ел игілігіне табысталды. Қалған бір мектеп Мұғалімдер күнінде іске қосылады.

Атап айтсақ, Білім күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Арал ауданының Сексеуіл кентінде 300 орындық, Қызылорда қаласының Арай мөлтек ауданында 1500 орындық және Қызылжарма ауылында 600 орындық "Келешек мектебі" ресми түрде ашылды.

Сонымен қатар, Арал ауданы Тоқабай ауылындағы 100 орындық мектеп, Шиелі ауданындағы 200 орындық "Оқушылар үйі" мен 50 орындық "Өнер мектебі" пайдалануға берілді.

Тоқабай ауылындағы 2015 жылы салынған мектеп ғимаратының сапасы сын көтермей, 2017 жылы апатты жағдайда деп танылған болатын. Ауыл балалары уақытша әкімдік ғимаратында білім алып келді. Осы жағдайды ескеріп, өткен жылы демеушілік есебінен 550 миллионтеңгеге мектепті қайта салу қолға алынды. Алдымен негізгі оқу корпусының құрылысын аяқтап, балалардың жайлы жерде білім алуына жағдай жасалды. Бүгінде құрылыс толық аяқталды.

Ал, Шиелідегі құны 1 миллиард 68 миллион теңге болатын жаңа "Оқушылар үйінде" 28, "Өнер мектебінде" 8 үйірме жас ұрпақтың жан-жақты азамат болып қалыптасуына қызмет етпек.

Айта кетейік, 2023 жылдан бері облыстық бюджет есебінен 5 миллиард 700 миллион теңгеге 9 мектепке 2 900 орындық қосымша ғимарат салынып, үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты.

"Білімді қолдау қоры" арқылы 8 миллиард 400 миллион теңгеге 400 орындық дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты ел игілігіне табысталды. Білім ордасында оқуға еліміздің 17 аймағынан 1 445 оқушы өтініш білдіріп, білім бәйгесінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген 200 бала қабылданды. Аталған қор есебінен 2 миллиард 333 миллион теңгеге Арал ауданы Мергенсай елді мекенінен 150 орындық заманауи мектеп салынуда. Нысан қараша айында пайдалануға беріледі.

Президент тапсырмасына сәйкес алдағы үш жылда өңірдегі 51 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Биыл облыстық бюджеттен 2 миллиард 400 миллион теңге бөлініп, 9 мектеп қайта жаңғыртылды. Соңғы үш жылда 5 миллиард 300 миллион теңгеге 15 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Ал ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2022 жылдан бері 2 миллиард 600 миллион теңге бөлінді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде апатты жағдайдағы 7 мектептің мәселесі толық шешімін тапты. Қайтарылған активтер есебінен 8 миллиард 200 миллион теңгеге 5 мектептің құрылысы қаржыландырылмақ.

Балаларға қосымша білім беру жүйесін дамытуда үш жылда 4 "Оқушылар үйі" мен 2 "Өнер мектебі" салынып, зияткер жас ұрпақтың игілігіне қызмет етуде. Облыстық бюджеттен 11 миллиард теңгеге балалар мен жасөспірімдерге арналған "Сыр жұлдыздары" шығармашылық-инновациялық академиясы салынып, мамыр айында пайдалануға берілді. Өткен жылы "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында 2 миллиард 500 млн теңгеге 350 орындық заманауи үлгідегі "Оқушылар сарайы" ашылды.

Қайта жаңғыртудан өтіп жатқан Президент саябағында 10 миллиард теңгеге жылдың төрт мезгілінде үздіксіз жұмыс істейтін 300 орындық заманауи балалар тынығу лагері,
5 миллиард теңгеге Ботаникалық білім беру орталығы (қысқы бақ) салынуда. Жеткіншектердің шығармашылықпен, спортпен айналысуына мемлекет тарапынан барлық мүмкіндік жасалған.

Суреттер: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

2022 жылдан бері 15 мәдениет нысаны, 20 спорт кешені бой көтерді. Биыл елді мекендерде тағы 6 спорт кешені салынып, пайдалануға беріледі. Өткен жылдың қазан айында "Самұрық Қазына Траст" қорымен бірлесіп, Қызылорда қаласында "Теннис орталығы" ашылды. Биыл "Қазақстан халқына" қорының қолдауымен Шиелі, Жалағаш аудандарында жаңа спорт кешені салынып, табысталды.

Қордың демеушілігімен құны 2 миллиард 900 миллион теңге болатын мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Жергілікті кәсіпкерлер демеушілігімен 1 миллиард 600 миллион теңгеге орнатылған 80 спорт-ойын алаңы тұрғындар игілігіне айналды.

Tengrinews
Қызылорда облысы әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети