Қызылорда облысында жаңа су қоймасы салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында жаңа су қоймасы салынады Фото: Қызылорда облысы әкімдігі баспасөз қызметі

Қызылорда облысында қыс мезгілінде тасқын суды жинайтын жаңа су қоймасы салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында қыс мезгілінде тасқын суды жинайтын жаңа су қоймасы салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Вегетациялық кезеңде су тапшылығы мәселесін шешу үшін Қызылорда облысында қыс мезгілінде тасқын су жиналатын су қоймасы салынады. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халыққа есеп беру кездесуінде айтты.

"Жыл сайын жаз мезгілінде өңірде суармалы жерлерді суару үшін су тапшылығы болады. Былтыр су тапшылығы ерекше сезілді. Сырдария өзені арқылы келетін судың шамамен 70 пайызы қыс мезігілінде келеді. Сондықтан алдағы уақытта қыста тасқын суды жинау үшін 2,3 миллиард текше метр су жинайтын су қоймасын салуды жоспарлап отырмыз", - деді өңір басшысы.

Сонымен қатар, облыс әкімінің айтуынша, биыл Үкімет қолдауымен "Көкарал" бөгетін қалпына келтіру бойынша 4,7 миллиард теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

2020 жылы Жиделі су қоймасы пайдалануға берілді. 2021 жылы Қызылорда және Әйтек гидроторабын қайта жаңарту, сондай-ақ Жалағаш ауданындағы ирригация және дренаж жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети