Әлеуметтік желілерде жол талғамайтын көлік көкпар ойнауға шыққан атты адамдарды қағып өткен видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 1 қарашада Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты Алғабас ауылында болған. Өңірлік Полиция департаменті мәліметінше, видеоға қатысты тексеру жүргізілген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ойын уәкілетті органдарға хабарланбай, жергілікті тұрғынның бастамасымен ұйымдастырылған және ол жауапкершілікке тартылған.
"Ойын барысында 102 арнасына ешқандай хабарламалар түспеген. Қазіргі уақытта бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік жүргізушісі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді", – делінген Қызылорда облысы ПД хабарламасында.
Сондай-ақ, полиция кез келген спорттық, мәдени немесе бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру кезінде құзырлы органдарды алдын ала хабардар ету қажеттігін еске салды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!