29 қыркүйек 2023 | 11:11

Қызылорда облысында құны 218 миллион теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қызылорда облысында кадастрлық құны 218 миллион теңге болатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысының прокуратурасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысында кадастрлық құны 218 миллион теңге болатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Қызылорда облысының прокуратура оргектарндары жер қатынастары саласында жасалған талдаулар нәтижесінде 14 ұсыну, 1 наразылық енгізген.

"Тәртіптік жауаптылыққа 37 тұлға тартылып, 270 үлескердің құқығы қорғалып, 49 акт заңға сәйкестендірілді. Жерді сатып алу шарттары бойынша жер иеленушілердің төлемеген 25 миллион теңгесі бюджетке өндірілді.

Сонымен қатар, кадастрлық құны 218 миллион теңге болатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды", - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, "Байқоңыр" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-мен (бұдан әрі - ӘКК) бірлескен жобамен құрылып, жүзеге асырылмаған инвестициялық жоба бойынша құны 115 миллион теңге болатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылған.

"Сол сияқты Сырдария ауданы прокуратурасы заңсыз табысталған кәсіпкерлік мақсаттағы кадастрлық құны 21,8 миллион теңге 6 гектар жер учаскесін мемлекетке қайтарды. Одан бөлек, прокуратура оргектарндары пайдаланылмайтын жерлерді анықтау және шаралар қабылдау жөнінде уәкілетті оргектарндардың жұмысын бақылауда.

Жер кодексіне сәйкес пайдаланылмайтын жерлерді анықтау қала, аудан әкімдіктерінің жер саласындағы уәкілетті оргектарнының құзыретіне жатады. Бұл бағытта жұмыстар қарқынды жүргізілмеуіне байланысты прокуратураның бастамасымен 602,3 гектар 360 игерілмеген кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелері анықталды.

Нәтижесінде Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментіне ұсыну енгізіліп, бүгінгі күнге 150 жер учаскесіне қатысты нұсқама беріліп, мәжбүрлеп мемлекетке қайтару бағытында шаралар қабылданып жатыр", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ауылшаруашылығы мақсатындағы жайылымдық жерлердің игерілу жағдайына аса назар аударылды. Бұл бағытта облыстың прокуратура оргектарндары жергілікті әкімдіктермен бірлесіп пайдаланылмайтын жайылымдық жерлерді анықтау мақсатында жұмысшы топтарын құрды. Облыс бойынша елді мекеннің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Биыл облыстың прокуратура оргектарндары 138 мың гектар 133 жайылымдық жер учаскесінің игерілмегенін анықтап, қадағалау актілерін енгізді.

Кадастрлық құны 80 миллион теңге болатын 41 мың гектар 54 жер учаскесі қайтарылған.

Оның ішінде:

  • Сырдария ауданында – 55 миллион теңге 29 мың гектар 27 жер;
  • Жалағаш ауданында – 1,1 миллион теңге 0,8 мың гектар 4 жер;
  • Қармақшы ауданында – 2,2 миллион теңге 2 мың гектар 6 жер;
  • Қазалы ауданында – 1,2 миллион теңге 6 гектар 6 жер;
  • Арал ауданында – 3,6 миллион теңге 3,8 мың гектар 4 жер;
  • Жаңақорған ауданында – 17 миллион теңге 7 мың гектар 7 жер.

"Мысалы, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Айдарлы ауылдық округінде 13.04.2001 жылы табысталған ауылшаруашылығы мақсатындағы кадастрлық құны 1,4 миллион теңге 161 гектар жер учаскесінің 22 жыл бойы пайдаланылмағаны анықталып, мемлекетке қайтарылды".

Сол сияқты жергілікті атқарушы оргектарндармен жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі дұрыс айқындалмағаны анықталды.

Прокуратураның бастамасымен әкімдіктер жайылымдық жерлерге түгендеу жүргізіп, нәтижесінде жайылым жетіспеушілігі 1,4 миллион гектар-дан 530 мың гектар, яғни 63 пайыз азайды.

Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети