23 қараша 2018 16:43

Қызылорда облысында қылмыс саны 14 пайызға азайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында қылмыс саны 14 пайызға азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Қайрат Мұхитовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде айтылды. 


Қызылорда облысында қылмыс саны 14 пайызға азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Қайрат Мұхитовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде айтылды. 

Оның мәліметінше, аймақта биылғы қаңтар-қазан айлары аралығында 5968 қылмыс тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға төмен (2017 жылғы қаңтар-қазан айларында - 6924).

"Қабылданған шаралар нәтижесінде, 10 айда облыс көлемінде 5968 қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға төмендеді. Облыс бойынша криминогендік ахуал тұрақты", - деді полиция департаментінің бастығы.

Облыс әкімінің қолдауымен полиция, жедел жәрдем, өрт сөндіру, төтенше жағдай және коммуналдық қызметтерді біріктіріп, орталықтандырылған "112" кезекші қызметі өз жұмысын бастады. 

"Барлық қызметтерді бірыңғай нөмірге біріктіру - облыс бойынша бейнекамералардың көрсеткіштерін жүйелендіруге және шақыруларға әрекет ету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Мұхитов.

Сондай-ақ, кездесуде Қызылорда қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дәулет Беркімбаев сөз сөйледі.

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша есеп беру кездесуіне облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов, мемлекеттік мекемелердің басшылары, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері және облыс тұрғындары қатысты.

Кездесу соңында облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамов полиция қызметі халықтың сенімімен өлшенетінін атап өтті. Ол полицейлер қоғамдық тәртіпті нығайту ісінде қажетті шараларды қолдану керектігін айтты  және барлық тұрғындарға белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғысын білдірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети