Қызылорда облысында ірі мұнай компаниясына айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында ірі мұнай компаниясына айыппұл салынды © Тұрар Қазанғапов

Қызылорда облысындағы ірі мұнай компаниясына 102 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Қызылорда облысындағы ірі мұнай компаниясына 102 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарна мәліметінше, бірлескен кәсіпорынға тиесілі Ақшабұлақ кен орнында экологтар азот және көміртек оксидтері қалдықтарының бірнеше есе артқанын анықтаған.

"Қолданыстағы заңнама бойынша, алауларда газды жағу экологияға айтарлықтай зиян келтіреді. Сондықтан мұндай әрекеттерге тыйым салынады. Біздің департамент жыл сайын ірі мұнай өндіруші компанияларда профилактикалық тексерулер жүргізеді. Жалпы жыл басынан бері өңірде осындай 52 ережебұзушылық анықталды. Табиғат пайдаланушыларынан 744 миллион теңге өндірілді", - деді облыстық экология департаментінің бөлім басшысы Толыбек Әбдіхалықов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети