21 ақпан 2022 | 17:05

Қызылорда облысында шенеуніктер азық-түлік апарған бас маманға қатысты істің жай-жапсары айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесінде тәртіптік ісі қаралған Қызылорда облысы Әділет департаментінің бас маманы оқиғаның өз нұсқасын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесінде тәртіптік ісі қаралған Қызылорда облысы Әділет департаментінің бас маманы оқиғаның өз нұсқасын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2022 жылдың 10 ақпанында Tengrinews.kz порталында "Қызылорда облысында шенеуніктер есебін қабылдату үшін бас маманға азық-түлік жеткізген" деген мақалада маған үнемі ақша мен азық-түлік жинайтындай көрсетілген. Бұл факт бойынша, мен өзімді құрбанмын деп есептеймін", - дейді әйел.

Оның айтуынша, 2021 жылдың тамызынан бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясын жұқтырғаннан кейін денсаулығы нашарлаған. Ал 9 ақпаннан бастап бүгінгі күнге дейін ол еңбек демалысында, өйткені аурудан кейін әлі толық жазылмаған.

Реклама
Реклама

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жаңақорған ауданының азаматтары Г.А. және Ж.А.-ға қатысты жүргізген тексерісіне сәйкес, ешқандай жауапкершілікке тартылмағанымды хабарлаймын. Себебі, азамат Ж.А. менің атымды жамылып ақша алып, оны өз қажеттілігіне жұмсағаны ресми деректермен расталды. Мен ешкімге нұсқау берген жоқпын. Оның үстіне, маған қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ", - деп түсіндіреді ол.

Оның үстіне, әйелдің айтуынша, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысына өзі де, жұмыс берушісі де шақырылмаған.

"Маған әділетсіз жала жабылды деп ойлаймын, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат маған белгісіз болды, мені немесе жұмыс берушіні Әдеп жөніндегі кеңеске шақырмады. Менен ешқандай түсініктеме талап етпеді. Жұмыс орнымнан осы себептермен маған қатысты ешқандай ақпарат сұралмады", - деді ол.

Оның пікірінше, бұл жазба негізсіз және біржақты жолмен алынған расталмаған ақпаратқа негізделген. Мұның бәрі оның денсаулығының нашарлауына әкелген.

"Денсаулығым әлі түзелмегенін, қазір емделіп жатқанымды, бұл жазба денсаулығыма, жүйке жүйеме одан да көп зиянын тигізгенін атап өткім келеді", - деді әйел.

Қызылорда облысы Әділет департаментінің бас маманы моральдық шығынды талап етіп, сотта өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға ниетті.

"Соттың соңғы нәтижесін қосымша ұсынамын", - деп қосты әйел.

Еске салайық, бұған дейін ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы есебін қабылдату үшін қарамағындағылардан ақша жинап, облыстық Әділет департаментінің бас маманына азық-түлік жеткізгені хабарланған болатын. Бұл деректер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген жасырын тексеруден кейін белгілі болғаны айтылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная