21 қараша 2018 | 18:25

Қызылорда облысында шыны және цемент зауыттарына жергілікті тұрғындар жұмысқа орналасуда

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зауыттар іске қосылған соң 2-3 жыл ішінде қытайлық жұмысшылардың орнына 95-97 пайыз жергілікті қызметкерлер жұмысқа қабылданатын болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Зауыттар іске қосылған соң 2-3 жыл ішінде қытайлық жұмысшылардың орнына 95-97 пайыз жергілікті қызметкерлер жұмысқа қабылданатын болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Бүгінгі күнде Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы арасында іске асырылудағы 51 жобаның ішінде Қызылорда облысында "Қуаттылығы жылына 197,1 мың тонна табақша шыны шығару зауыты" және "Қуаттылығы жылына 1 миллион тонна тампонажды цемент зауыты" жобаларының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Кадр мәселесіне келетін болсақ, цемент зауытын мерзімінен бұрын, яғни 2018 жылдың желтоқсан айында іске қосу және Шыны зауыты құрылысын жандандыру мақсатында облысқа белгіленген тәртіппен 500 ден аса қытай жұмысшыларын шақыртуға рұқсат алынды.

"Атап өту қажет, бұл жұмысшылар тек зауыттардың құрылыс жұмыстарына тартылып, зауыт іске қосылғанда жергілікті мамандармен қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қолдануда", - деді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев.

Мысалы, цемент зауытына жергілікті тұрғындардан 128 адам іріктелініп, аймақтағы колледжде оқытылуда. Оның 48-і 2018 жылдың мамыр-қыркүйек айларында қытайдағы цемент зауытында тәжірибе алмасып келді.  

Жалпы цемент зауыты іске қосылғанда тұрақты 260 жұмыс орны ашылады. Зауыт толық іске қосылғаннан кейін жергілікті мамандардың үлесін 95 пайыздан асыру жоспарлануда.

Шыны зауытына келетін болсақ, бүгінгі күнде құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2019 жылы іске қосылатын болады.

"Жалпы жоба бірегей болып табылатынын және еңбек нарығында табақ шыны өндірісі бойынша білікті кадрлар жоқ екенін ескере отырып, жергілікті кадрлармен қамтамасыз етудің 3 жылдық жоспары әзірленді: 2019 жылы ҚХР-дан 160 қызметкер, қалған 160 адам жергілікті; 2020 жылы ҚХР-дан 60 қызметкер, қалған 260 адам жергілікті; 2021 жылы ҚХР-дан 10 қызметкер және 310 жергілікті кадр", - деді Ринат Султангереев.

Нәтижесінде үш жыл ішінде зауыттағы жергілікті кадрлар үлесі 97 пайыздан асатын болады.

Сонымен қатар, бүгінде Мәскеу қаласы мен Санкт-Петербург қаласының жетекші жоғары оқу орындарында Ресей Федерациясының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде Қызылорда облысынан 450-ге жуық адам білім алуда. Биыл 75 адам техникалық мамандықтар бойынша бітірді, олардың ішінде 20 маман шыны зауытына жұмысқа орналасатын болады.

Аталған зауыттардың жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу кезінде, ҚР қолданыстағы Заңнамаларға сәйкес алдын-ала қоршаған ортаға әсерін бағалау жобасы әзірленіп, құзырлы органдардан келісім алынған. Ал өндірістер іске қосылар кезде уәкілетті органдардың қосымша рұқсатын алатын болады.

"Аталған жобалар заманауи технологияларды енгізіп, импорталмастыратын экспортқа бағытталған жаңа өндірістер болып табылады. Екі зауыттың құны 100 миллиард теңге құрайтын болса, бүгінгі күнде 60 миллиард теңгеден аса сыртқы инвестициясы игерілді. Нәтижесінде облыс сыртқы инвестиция көлемінің өсу динамикасы бойынша республикада алғашқы 3 аймақ қатарында тұр. Одан бөлек зауыттар іске асқанда жаңа жұмыс орындары құрылып, салық түсімдері артатын болады", - деді индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети