Қызылорда облысында заңсыз киік ату ісі бойынша екі тұрғынға үкім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында заңсыз киік ату ісі бойынша екі тұрғынға үкім шықты Охотник. Фото: © elements.envato.com

Қызылорда облысында сот екі тұрғынға қатысты заңсыз киік ату ісі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында сот екі тұрғынға қатысты заңсыз киік ату ісі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәліметінше, Қызылорда облысының екі тұрғыны заңсыз киік аулау үшін көлікпен шығып, жануарлардың үйірін қуып, оларға оқ атқан. Қылмыс қашан болғаны сотта нақтыланбады.

Көлікті табиғатты қорғау инспекторлары, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлері тоқтатқан. Оқиға орнынан 30-дан астам киік тушасы және 5 басы табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, мемлекетке 80 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты (ҚІЖМАС) жануарларды заңсыз аулау ісі бойынша айыпталған екі азаматтың ісін қарады. Оларға қару мен көлік пайдаланып, айтарлықтай зиян келтіргені үшін (Қылмыстық кодекстің 337-бабының 6-бөлімі 2-тармағы) айып тағылды. Соттың мәліметінше, қылмыстық әрекеттер ұсынылған құжаттармен дәлелденді.

Сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, 6 және 7 жылға бас бостандығынан айырды. Олар тиісінше 7 және 8 жыл бойы аң аулаумен айналыса алмайды.

Сотталғандардан 77 миллион теңгеден астам материалдық шығынды өтеу туралы шешім шығарылды. Олар мемлекетке 3 миллион теңге қайтарды. Қызылорда облыстық соты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети