Қызылорда облысының әкімі қарамағындағыларға "шенеунік" сөзінің мағынасын түсіндіріп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысының әкімі қарамағындағыларға "шенеунік" сөзінің мағынасын түсіндіріп берді © YouTube

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қарамағындағы қызметкерлерге "шенеунік" сөзінің мағынасын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қарамағындағы қызметкерлерге "шенеунік" сөзінің мағынасын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Интернетте аймақ басшысының аудан әкімдері мен мемлекеттік жергілікті органдардың басшыларына қаратып айтқан сөзінің видеосы жарияланды. Көшербеав олардың халық үшін жасап жатқан жұмыстарына көңілі толмайтынын айтты. "Олар (азаматтар) заң білмеуі мүмкін, бірдеңені түсінбеуі мүмкін. Жөндейтінін жөндейік. Шешілетін мәселені шешіп берейік. Шешілмейтін мәселенің шешілмейтінін түсіндіріп берейік. Нақты жауабын берейік", - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, ол министрліктерге қарайтын сәйкес басқармалардың өзін қараусыз сезінбеулері керек екенін айтты. "Мен Президенттің өкілі ретінде барлығыңызға міндет жүктеймін. Біз сіздерді бақылап, жұмыстарыңызға баға береміз. Өз құқығымды толық пайдаланамын! Құрметті мемлекеттік қызметкерлер, біз халықтың қызметшісі екенімізді тағы бір рет еске саламын. Кейде біз өзімізді халықтың иесі сияқты сезінеміз. Олар бізді жалға алды", - деді Қырымбек Көшербаев.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course down  604.47  course down  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети